«Морж» Жемге шомылады

morzh-1Соңғы он жылдан бері Жарылқасын Байжанов деген азамат Жем өзеніне шомылады. Жылдың жылы мезгілі емес, қақаған қыста да өзен суына бір шомылмай, ішкен асы бойына батпайды. Өзінің айтуынша, әрине, бірден өзеннен үкі ойып, салқындығы дене қаритын суға сүңгімеген. Алдымен, қыс айларында денесіне шелекпен мұздай су құйған. Кейіннен қарға аунап, денесін ақ ұлпамен ысқылаған. Осылайша, ағзасын салқын суға үйреткен.

– Қазір жасым 60-та, – дейді Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында тұратын Жарылқасын Байжанов. – Қыс бойы өзен үстінде жалаңаяқ жүремін. Мұз араласқан суға шомыламын. Кешкі 6-дан кейін тоя тамақ ішпеймін. Салқын суға шомылғанымның нәтижесінде денсаулығым ойдағыдай. Қан қысымым тұрақты, бірде-бір сырқатым жоқ. Осының бәрі алдымен, өзімнің денсаулығым­ды сақтап, ауырмауым үшін қажет. Екіншіден, жастар­дың саламатты өмір салтын қалауына жол көрсеткім келді.

Оның айтуынша, қазіргі жас жігіттердің арасында суыққа шыдай алмай, түрлі сырқаттарға шалдығатындар көбейіп барады. Мұның басты себебін олардың денесін салқын сумен шынықтыруға мән бермеуінен көреді. Ал өзі қыстың үскірік аязында өзенге шомылуды спорт­тың бір түріне жатқызады. Содан болса керек, оны ауылдас­тары «морж» деп атайды.

 Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

 Атырау облысы

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма − сегіз =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Сіз іздеген жастар көбейді, Сейдаға!

    Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасы болса керек. Алматыда жеңіл атлетикадан республикалық жарыс өтетін болады да, сол жерге жас спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов аға­мыз келеді. Жарысты өткіз­уге тиісті мемлекеттік жаттық­ты­рушының...
  • Елбасы қысқы Универсиаданы ашық деп жариялады

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын ашық деп жариялады. «Бүгін Ұлы Дала елінде салтанатты спорттың – ұлы мерекесі. Жастар сайысына 57 елден 2 мыңнан астам спортшы,...
  • Бруна МОУРА, шаңғышы: «Алматы апортының дәмін көргім келеді»

    Қысқы Универсиада ойындарына Бразилиядан 3 адамнан тұратын делегация келмек. Бразилияның атынан қатысатын Бруна Моура шаңғы жарыстарында ойын көрсетеді. Бразилиялық студент жүлделі орыннан табылмағанның өзінде, үлкен спортта тәжірибе жинақтап, атлеттік...
  • Спорттық басылымдардың болашағы бар ма?

    Қазір телевизия мен интернеттің дәурені жүріп тұрған заман. Әрине, бұлардың қай жаңалықты болсын бұқараға жедел жеткізуде алдына қара салмайтыны белгілі. Дегенмен, солай екен деп мерзімді баспасөздің рөлін жоққа шығаруға...