Ақорда, Бәйтерек, ЭКСПО…

zhana-zhyl-ayyrtauҚар қалашығында елордаға тап болғандай әсерге бөленесіз

Тауық жылында айыртаулық бүлдіршіндер ерекше қуанышқа бөленді. Орталық алаңда ком­позициялық құрылымы ерекше көз тартатын қар қалашығы пай­­да болып, оның бой көтеруі­не қырыққа жуық мекеме-кәсіп­орын атсалысты.

Бүгінгі күні ел символына айналған Астананы жергілік­ті жерде «тұрғызу» жөнін­­дегі аудан­дық әкімдіктің идея­сын жастар, мектеп оқу­шы­лары секілді ерік­тілер де қол­дап, көмектерін берді. Сөй­тіп, жұртшылық демалып, серуендейтін жерде көз жауын алатын 20-дан астам ны­сан орнатылды. Олардың ішінен ұзындығы үш метрге дейін жететін Ақорда ерекше көрінеді. Сол сияқты Бәйтерек, Бейбітшілік сарайы, Алтын адам мүсіндері де айнытпай салы­нып, хас шеберлердің қолы­нан шыққанын айғақтайды. ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі, Қарасай және Ағынтай батыр­лардың мемориалдық кесенесі де бейнеленген.

Қар қалашығынан жылдың басты нышаны – Тауықты, Аяз ата мен Ақшақарды, сондай-ақ, ертегілер кейіпкерлерін де кездестіруге болады.

Осылайша, билік ор­­нын­­­­­­­да­­ғылар өскелең ұр­пақ бо­йы­на елор­­дамыз жай­лы таным­дық ма­ғ­­лұмат беру­дің және де бой­­ларын­да отаншыл­дық сезі­мін ны­ғай­ту­дың өзгеше тәсілін ойлап тапқан.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 + 14 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 55

    Елбасы павлодарлық 11 жасар баланың тілегін орындады

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аяз Атаға хат жаз» жобасын қолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде. Белгілі болғандай, 2014 жылдан бері «Қазпошта» АҚ жүзеге асырып жатқан аталмыш...
  • korganys-ministrlig

    Ұйым миссиясынан оралды

    Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері подполковник Асқар Қожағалиев Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясынан оралды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз...
  • era_59840000

    Ақ тілектер ағыны

    Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары: – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, шетелдегі 5 миллионға тарта ағайынымыз үшін де үлкен мереке. ...
  • 30-11-16-para

    «Байтерек Development» АҚ-ның экс-басшысы қамауға алынды

    «Байтерек Development» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев тұтқындалы, деп хабарлайды жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі. Осы іске қатысты мәліметтерден белгілі болғанындай, аса ірі көлемде пара алды...