«Аманат» пен «Құнанбай» MENAR фестиваліне қатысады

filmБелгілі тарихшы Ер­мұ­хан Бекма­ханов­тың қиын тағ­дырын бейне­леу­ге құ­рыл­ған Саты­бал­ды Нарым­бетов­­­тің «Аманаты» мен Дос­хан Жол­жақ­сынов түсір­ген «Құнанбай» фильм­­дері қаң­тардың 12-29 ар­­а­лы­­ғында Болгарияда өте­­тін ІХ халықаралық MENAR кинофестиваліне қа­ты­­­сады. Ш.Айманов атын­­дағы «Қазақфильм» кино­­сту­­­дия­сының өнім­дері көп­­ші­­лікке «Фокус» бағ­дар­­ла­масы аясында көр­сетіледі.

 Кенесары ханның азаттық қозға­лысы туралы тарихи монография жазып, сол үшін қудаланған көрнекті ғалымның тағдыры жайында туынды көрер­мендердің де, киносыншылардың да көңілінен шыққаны есіміз­де. «Балалық шағым­ның Дон Кихоты» (1978 ж), «Көзім­нің қарасы» (1994 ж), «Қыз­жы­ла­ған» (2002 ж), «Мұс­тафа Шоқай»

(2008 ж) сын­ды фильмдерімен режис­серлік қары­мын дәлел­деген С.Нарым­бетовтің «Аманаты» «Оскар» жүлдесінің «Ең үздік шет тіліндегі фильм» таңда­лы­мы­на ұсынылған болатын.

Ал Досхан Жолжақ­сынов­тың тарихи тұлғасы қайшылықты пікірлерден даралана алмай келе жатқан дала кемеңгері Құнанбай­дың өмірі жай­лы баяндай­тын «Құнанбай» фильмі көрерменге жол тартқалы бірқатар аламан бәйгелерде бақ сынап үлгерді.  Былтыр алғашқы ұлттық «Тұлпар» кинобәйгесінде топ жарып, фильмнің авторлары үздік деп танылды. 2016 жылдың қыркүйегінде  аталмыш картина XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі­нің конкурстық бағдарламасын­да көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық «Күміс Ақбозат»  ұлттық және этникалық кино­фестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүл­десін иеленген.

Софиядағы MENAR ха­лық­­аралық кинофестивалі Балқан түбегіндегі ең ірі мәдени оқи­ғалардың бірі болып саналады. Фестиваль жыл сайын көрермен қауымды мұсылман әлемінің дәстүрі мен мәдениетін паш ете­тін фильмдермен таныс­тыра­ды. Фестивальдың бағдар­лама­сы аясында Қиыр Шығыста, Ор­талық Азия елдері және Сол­түс­тік Африкада түсіріл­­ген үздік көркем, деректі және қыс­­қаметражды фильмдер де көрермен назарына ұсыныл­мақ. Қазақстандық картиналар 14 қаңтар күні «Еуросинема» кинотеатрында ағылшын тілін­дегі субтитрлармен көрсе­тілетін болады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Айдары
ЖаңалықтарҚоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он тоғыз − 12 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Ертегіден келген өнер

    Марқакөлдей сұлу өңір­де туып, суретші болмау мүмкін емес-ау. Бірақ, бала Қабды­рахманның балауса қиялын бау­рап, сурет өнеріне еліктіріп жетелеген бір құдірет қазақтың ертегілері мен батырлар жыры болыпты. Ауыл кітапханасы үйінің...
  • Қазандағы фестивальға қатысады

    Өткен жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Құнанбай» фильмі көрерменнен өзінің жоғары бағасын алғаны белгілі. Енді бұл отандық фильм 5 – 11 қыркүйек аралығында Қазан қаласында өтетін XII...
  • Кәсіби дамудың бағдары

    Жақында Павлодар қаласында Білім және ғылым министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының мұрындық болуымен «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық оқулар...
  • Болашақтың кепілі

    Тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды. Сондықтан, бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050: Мәңгілік Ел» Жолдауында үш тұғырлы...