Ажалдан арашалап қалды

33 жастағы Венера Вели­канова бірінші сыныпта оқитын ұлымен қас қараймай тұрып күре жолға жетіп алуды ойлайды. Алайда, На­гор­­ное елді мекенінен трас­саға де­йін­гі арақашықтық алыс бол­ма­­ға­­н­ы­мен, долы жел ыш­қына со­­ғып, айналаны ақтүтек боран­ға ай­­нал­­дырып жібереді. Не­гізгі бағ­­дар­­дан адасқан аналы-ба­ла­лы екеу беті ауған жаққа жү­ре береді. Әл­­дері құрып, қатты шар­­шайды. Қы­­сыл­­шаң шақта Ве­не­­ра­ның есіне қал­­та­с­ында ұялы телефоны бары тү­­се­­ді. «112» нөмірі арқылы тиісті орын­­­­дар­мен хабарласып, мүшкіл жағ­­­­дай­­­­ларын баяндайды. Бірақ қай тө­­ңі­­­­ректе тұрғандарын айта алмайды.

Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Петр Мартынюк бастаған жеке құрам із кесу шараларына жұмыла кірісіп, оларға жергілікті би­лік органдарының өкілдері, тұрғындар да қосылады. Түнгі ондар шамасында еріктілердің бірі Вячеслав Кон­дратюк пен Дмитрий Бизиков баласын құшағына қысып, ес-түссіз жатқан Венера Вели­канованы кезіктіреді.

Суыққа әбден ұрынып, үсікке шалдығудың аз-ақ алдын­да қалған олар дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, жатқызылады.

– Ұлым жансақтау бөлімінен жал­пы палатаға ауыстырылды. Өлім мен өмір арасында жан­талас­­қан бізді құтқаруға атса­лыс­қан адамдарға алғысым шек­сіз. Төтен­ше жағдайлар жөнін­дегі қызметтің жолға шық­пау жөніндегі ескертуіне құ­лақ аспаудың салдары неге ұрын­ды­рарын білетін болдық,–дейді В.Великанова көзіне жас алып.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

Тайынша ауданы

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

3 + жиырма =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Солтүстік Қазақстан облысы су тасқынына дайындалуда

    Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД жедел жоспарлау басқармасының бастығы Ербол Бектұровтың айтуынша, су тасқынын алдын алу іс-шараларына...
  • Тәртіп күшейіп, сенім артты

    Астана қаласы Ішкі істер депар­та­менті­нде Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен жедел ке­ңес өтті. Жиында елордалық ішкі істер депар­та­­ментінің 2016 жылы атқарған...
  • Телефоны жарылған Ақтау тұрғынына өтемақы төленді

    Samsung компаниясы ұялы телефоны жарылған Ақтау тұрғынына өтемақы төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтаудың 40 жастағы тұрғыны Сәния Болтабекова бір апта бұрын сатып алған Samsung Galaxy S5 маркалы телефонын қуаттау...
  • Уақытша тіркеу мәселелері туралы түсінік берді

    Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев «Нұр Отан» партиясының Астанадағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Кездесуге Астана қаласы мен Ақмола облысынан әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған тұрғындар келді. Депутатқа келгендердің...