«Мобильдік құлдықтан» құтылуға болады

Қарап отырсақ, аяқталған жылда телекоммуникация нары­ғындағы елеулі оқиғаның бірі – ұзақ жыл ұстаған нөміріңді ауыс­тырмай-ақ оператор алмастыру болды. Демек, нөмір қалады, ал «мобильдік құлдықтан» құтылуға болады. Ұялы байланыс саласы­на мұндай қызметтің енгізілуі нарық­тағы бәсекені күшейтіп, бар­лық мобильдік операторларды абоненттеріне тиімді тарифтер ұсынуға мәжбүрледі.

Ал енді осының нақты нәти­жесі қандай болды десек, 2016 жылы 200 мыңнан астам қазақ­стан­дық «мобильді құлдықтан» құты­лған. Яғни, өткен жылғы 1 қаң­­тар­дан бастап 31 желтоқсанға де­йін MobileNumberPortability (опе­ра­­т­ор­лардың арасында нөмір­лерді көшіру) қызметі қолжетімді бол­ғаннан кейін, 203 719 абонент осы қызметті пайдаланған.

«Көшірілген нөмірлердің орталық дерек қоры» МТҚ рес­пуб­­ликалық мемлекеттік кәсіп­орны­нан алынған мәліметтер бойынша, 2016 жылы MNP өтулері бойынша абоненттердің таза келуі Tele2 операторында анық байқалады. Бұл байланысқа көшкен абоненттер саны – 37 015. Ал Аltel-ге келгені 2 551 абонент. Осы аралықта Beeline компаниясынан 5 997 або­нент, Kcell операторынан Activ сауда белгісін қоса алғанда 62 227 адам кеткен. Сол сияқты шамамен 28 мың абонент өзінің бұрын­ғы опе­раторына оралуды қош көріпті.

Өсу статистикасына сәйкес, нарық­та бағалары аса төмен және 4G интернетімен жақсырақ қам­тылған операторлар үлкен сұра­нысқа ие болғанын айта кетуге болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

16 + он алты =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Онлайн оқу оңайлады

    Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі шектеусіз. Шаруа тындыру үшін ат арытып, адам сабылтудың енді қажеті болмай қалды. Бұл – білім саласына да қатысты. Мәселен, әлемге әйгілі университеттер де онлайн-емтихандар...
  • Қытайда ұшақ көпірге соғылып, 5 адам опат болды

    Қытайдың Шанхай қаласында шағын гидроұшақ апатқа ұшырады. Бортындағы 10 адамның 5-і опат болды. gordonua.com ақпарына сәйкес, B-10FW ұшағы автокөлік көпіріне барып соғылған. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Алайда,...
  • «Жасыл экономика» жолындағы жүйелі жұмыстар

    Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевтің қатысуымен «Электр энергетикасы инфрақұрылымын қалыптастыру – Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуының маңызды факторы» тақырыбында брифинг өтті. Компания...
  • Ұлыбританияда ең ескі атом реакторы жұмысын тоқтатты

    АСТАНА. 1 қаңтар. Ұлыбританияның Англси аралында орналасқан Wylfa атом реакторы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 45 жыл жұмыс істеген өндіріс орнының...