Әдебиет ұлтжандылыққа үйретеді

zhanat-akishҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан мен  алдымдағы шәкірттің бойына патриотизмді, ұлтжандылық қасиетті барынша сіңіру мақсатында  әр сабақта Отан, ел, жер, тіл, ұлт тақырыптарымен қоса адамгершілік, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық жайында сөз қозғап, оқушылардың өзіне ой түйіндетуге тырысамын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой-санасын қамшылауы керек», дегендей, сол азаматтың қалыптасуының алғашқы сатылары отбасы мен білім ошағында өтеді. «Отан – отбасынан басталады» демекші,  патриоттық тәрбиенің ең алғашқысы да отбасында өтеді. Бала ең алдымен үйде ата- анадан көрген тәрбиемен уызданады. Одан соң балабақша, мектеп сияқты білім ошақтарында оны әрі қарай дамытады. Сондықтан бала санасына адамгершілік, құрмет, сыйластық, сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіру әрбір ата-ана мен ұстаздың міндеті.

Оқушының шынайы өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда, рухани жан-дүниесін байытуда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің орны ерекше. Өйткені, қазақ тілі бала тілінің дұрыс жетіліп, әдеби тілде сөйлеуін үйретсе, әдебиет – оқушыға беймәлім өмір­ді танытатын үлкен  құрал. Әде­биет арқылы біз оқушыларға ұлт­тық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз.

Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көз­қарасын танытады, мінез-құлқына ық­пал етеді, бүкіл өміріне әсерін ти­гізеді. Қазақ әдебиетіндегі көр­кем шығармаларды  оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жа­қсылық, жамандық секілді ұғым­дардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көр­кемдік талғамы бар, адам­гер­ші­лікті, нәзік сезімді болып өседі. Сон­дықтан қазақ тілі мен әдебиет пә­ні мұғалімі са­ба­ғында түрлі көр­некілік құрал­да­рын қол­дану, сұрақ-жау­ап, талдау, жи­нақтау, ажырату, тақ­таға жазу, айт­қан ойды мысал­дармен дә­лел­деу, сөздікпен жұ­мыс, проб­ле­малы мәселелерге жауап беру, нақ­­тылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұ­мыстарды орындату, оқушының бі­рін бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерт­теу жазып қорғауы, т.б. алуан түр­лі әдіс-тәсілдерді қолдану ар­қылы баланың әдебиетке деген құл­шы­нысы арттырылады.  «Сабақ беру үйреншікті  жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау өте орынды. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл сөз, өнер сабағы. Осы асыл сөз өнерін меңгерген ба­ла келе-келе терең ойға, таза сезімге беріле алады, шабыттанады, өмірге деген қызығушылығы артады, бо­ла­шаққа деген сенімі нығаяды.

Баланың бойындағы алғашқы патриоттық рух бастауыш сынып­та ертегі кейіпкерлеріне елік­теу­ден бастау алады. Мәтіннің маз­мұнына сай кейіпкер  суретін са­лады, бұл кейіпкерді не үшін ұна­татынын айта алады. Жас ерек­шелігіне қарай бұл жеткілікті. Ен­ді орта буын­дағы  5-сынып оқу­­шыларына кел­генде пән мұ­ға­лімі үлкен жауапкершілікті се­з­інуі тиіс деп ойлай­мын. Өйт­кені, баланың ерлік туралы алғашқы сезімі отаншылдық  рух­қа ұласады. Батырлар жырын оқыту кезінде біз олардың бойы­н­дағы Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін әртүрлі әдіс­тер арқылы меңгертеміз. Мы­салы, Махамбеттің өр рухты жырла­ры арқылы да  патриоттық се­зім­ді, ұлттық болмысымызды, ата-бабаларымыздың асыл қасиеттерін оқушы бойы­на сіңіре аламыз. Сондықтан сабақ­та олардың өздерін жеке тұлға ре­тін­де сезінуі үшін топтық жұмыстар жүргізу, деңгейлік сұрақтар қою, ой-толғау­лар жаздыру, оларды үнемі қолдап отыру, ретін тауып мадақтап отыру – бүгінгі оқушының жан-дүниесін тәрбиелеудің тиімді жолдары.

5-сыныпта Ә.Тәжібаевтің «То­ла­ғай» ертегісін өткенде, оқу­шылар кейіпкер бойындағы ерен күші,  халқының жолында өзін құрбан еткен  ерлік істері олар­дың  қызығушылықтарын оятты. Өздерін Толағай сияқты сезіну үшін «Егер сен Толағайдың орнында болғанда не істер едің?» немесе «Халықты қиындықтан алып шығудың қандай басқа жолын табар едің?», «Осы жағдайда То­ла­ғайдың шешімі дұрыс па?» деген сияқ­­ты оқушыны ойландыратын, қия­лына ерік беретін сұрақтар беру арқылы олардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тереңдетуге болады. Мұндай сабақ­та мұғалімнің бас­ты мақсаты – оқушыларды дербес ойлауға, өз бетімен ізденуге, ше­шім қабылдай алуға баулу. Осындай ізденіске бағытталған жұмыстар оқушының сабаққа  селқос қарамауына, ықы­ла­сын оятуға, қабілетін ашуға септігін ти­гізеді.

Мұғалім берген тапсырманың ыждағатпен орындалуын қада­ға­лау ата-ананы да бей-жай қал­дырмаса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені техника дамыған за­манда оқушылардың әдеби кі­тап­тарды оқуға уақыты тапшы. Сондықтан ата-ана мен ұстаз оқу­шы тәрбиесінде бірігіп жұмыс іс­те­се ғана нәтиже шығады. Бүгінгі жас­тар арасындағы көрініс беріп жүр­ген жағымсыз әрекеттерден осы әдеби шығармаларды оқытып,  ұлт тарихын терең меңгертіп, халқымыздың биік рухты ерлік қасиеттерін насихаттау  арқылы балаларымыздың бойында патрио­тиз­мді  қалыптастырамыз деп ойлай­мын.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттеріміз ұлтжанды болып өссе, біздің еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болып қалары сөзсіз.

Жанат ӘКІШ,

№ 49 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

АСТАНА

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі × үш =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • alippe

    Өмір бойы ізденетін мамандық

    Осы тұрғыдан алғанда әрбір мұғалім өзінің міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ар-ұятымен еңбек етсе білім саласында олқы тұстар болмас та еді. Оқушыны тұлға дейтін болсақ, әр тұлғада даралық қасиет, бейім,...
  • 7777

    Тәлімі мол, тәрбиесі зор

    Қызылордада «Менің елім – Мәңгілік Ел» акциясы өтті Жер жәннаты Жетісудан бастау алып, одан ордалы оңтүстікке жетіп, сонан соң көне Таразда жалғасын тапқан «Менің елім – Мәңгілік Ел» жастар...
  • galym-aga-2

    Тәрбиенің төресі

    «Еңбек етсең емерсің», «Әлемнің әміршісі – еңбек»… Осындай мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді бала күнімізде ата-анамыз да, ұстаздарымыз да жиі-жиі айтушы еді ғой, естеріңізде ме? Сол құлағымызға сіңіп қалды. Санамызда...
  • 02-2016

    Еліміздің ең кішкентай зерттеушілері

    Алматыда ерекше байқау мәреге жетті. Білім мен ғылымға бой ұрған кіп-кішкентай бүлдіршіндер өздерінің тырнақалды зерттеу жұмыстарын қорғады. Бастауыш сынып қабырғасындағы жеткіншектердің зерттеушілік қадамдарын құптап, қанаттандыруды көздеген конкурста қазылар алқасын...