Тәрбиесіз білім тұл

_159a6004-1-1Жиырма бес жыл аралығында тәуелсіздік тұғырын берік орнықтырған Қазақстан білім саясатына әрдайым басым бағыт беріп келеді. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да білім саласына қатысты нақты тапсырмалар береді. Өйткені ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адам баласын алға жетелейтін құдыретті күш – білім. «Заманауи әлемде елдің қуаты алдымен, азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің  тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны», деген Мемлекет басшысының сөзі өмір бойы өзекті болып қала бермек.

1991 жылы еліміз егемен­ді­гін алып, бодандықтан босап, азаттыққа қол жеткізіп, Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жы­лы мен де еңбек жолымды бас­тадым. Халық мүддесі мен қо­ғамның талабына сай 25 жыл пе­дагогикалық қызмет атқарып ке­лемін. Бұл, әрине, нағыз жалынды жастың жасымен пара-пар уақыт. Дегенмен, өзімді тү­летіп, үлкен өмірге ұшырған №188 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып кіргенім кеше ғана сияқты еді. Еңбек – адамды әрқашан алға жетелейді. Талмай іздену мен үлкен еңбектің арқасында Жалағаш аудандық білім бө­лі­мінің әдіскері, №114, №32 мек­тептерінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қыз­метін атқардым.  2005 жылдан бері М.Мәметова атын­дағы гу­ма­нитарлық кол­леджінде педаго­ги­ка пәнінен сабақ беремін. Жо­ғары санатты оқытушы, педаго­гика ма­гистрімін. Біздің кол­ледж – кәсіптік бі­­лі­м­­нің не­гізін қа­лай­тын, елімізге қа­жет­­ті­ ма­мандарды даяр­лай­тын бе­делді оқу орын­дарының бірі.

Менің пайымдауымша, оқу­шы мен мұғалім әре­кет­­те­рі­нің  мақ­саты мазмұны өзара үй­лесіп, та­быс­қа жету, тұтас бір жүйеге ай­налу дегенді білдіреді.  Бар мақ­сатым – балаларға педаго­гикадан сапалы білім, жан-жақ­ты тәрбие беру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», деп Әбу Насыр Әл Фараби айтқан нақыл сөзді өзімнің ұстаздық жұмысымда үнемі назарда ұстаймын. Қазіргі құбылмалы заманда тәрбиеге басты назарды отбасында да, оқу орнында да аудару керек. Ұстаз баланың екінші ата-ана­сы, болашаққа жөн сілтер ақыл­шысы, оның мейірімге толы жү­регі шәкірт бойындағы талай ағат­тықты кешіре біледі, білімі мен ақыл-ойы­ның қуаты талай тен­текті жуасытып, тәр­тіп­ке баулып, есей­тіп, ер жеткізген. «Қа­зақ мектептері – қа­зақ­­тарға білім беру­дің бас­ты құралы. Біз­дің бар­лық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім берілетін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында­ көбейсе, ол бүкіл халыққа әсер­ ете алады», деп кезінде Ы.Алтынсарин айтқан. Міне, осы айтылған  сөз бәрімізді ой­лан­тса керек.

Оқытушы еңбегінің шы­ңы оқушылар жетістігінде екені белгілі. Осы жылдар аралығында республикалық «Жас ғалым» оқушылар мен студенттердің ғылыми жұ­мыс­тары сайысында шәкіртім Гүлзира Батышева «Ғылымға деген құштарлығы» бағыты бойынша ғылыми жобасымен қатысып, ІІІ орынға ие бол­ды. «Жас зерттеуші» ат­ты рес­публикалық зияткерлік тур­­­нирінде Сезім Бисенбай «Ғы­­лымға алғашқы қадам» ба­ғы­ты бойынша ІІ орын алса, «Болашақ маманның кәсіби құ­зы­реттілігін қалыптастыру» атты облыстық ғылыми жоба бай­қауында Серік Нұрлыбек жеңімпаздар қатарынан кө­рін­ді. Шәкіртінің бұл сияқты биік белес­тен көрінгені – ұстаз ең­бе­­гінің еш кетпегені. Шығар­ма­шылық қабілет әр баланың та­биғатында бар. Біздің міндет – оқушы бойын­дағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу.

Гүлжайна ӘБИЕВА,

М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің педагогика пәні оқытушысы

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

20 − 7 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • ООН

    Сабақтастық соқпағы

    Босағадан енген Жаңа жылмен бірге еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысын бастады. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі саяси миссиясы бүгінде әбден айқындалған, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың көңілінен...
  • Rakhymbekuly_www

    Ұтымды ұсыныс, жүйелі жұмыс

    Ширек ғасыр ішінде Қа­­зақстан толайым табыс­тарға қол жеткізді. Ежелгі ертегілердегі батыр-ба­һа­дүрлердей сәт сайын өсіп, жетіліп, әлеуметтің әлеуетін жақсартып, экономикасын түзеп, әлемдік аренадағы өз орнын ойып тұрып алды. Жер-жаһанның көшбасшы...
  • IMG-20161219-WA00040000

    Головкин мүсінге айналды

    Ол кәсіби мүсінші емес. Бірақ саз балшықтан мүсін жасау Қайсар­дың бала күннен сүйікті ісі. Жа­қын­­да ғана ол белгілі кәсіпқой бокс­­шы, орта салмақтағы әлем чем­­пио­ны Геннадий Головкиннің мүсі­­нін жасады. Алдымен...
  • 33

    Шөкеев Елбасына «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жөнінде баяндады

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысына кездесу барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қордың даму көрсеткіштері жөнінде...