Лайықтылар марапатталған салтанат

img_7121Бүгінде Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның елдегі тыныштықтың сақталуына қосып келе жатқан үлесі зор. Ішкі әскердің заңды мұрагері болып табылатын құқықтық тәртіп әскерінің құрылғанына күні кеше ширек ғасыр толды. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас күштік құрылымның атаулы күніне орай елорда төрінде салтанатты шара ұйымдастырылды.

Қазақстанда тұңғыш рет құқықтық тәртіп әскерінің құрылуы кезеңінде талмай еңбек еткен ардагер азаматтар мен Ұлттық ұланның жеке құрамы қатысқан салтанатты жиында лайықтыларға сый-құрмет көрсетіліп, үздік мамандар марапатталды.

Алдымен Ұлттық ұланның жиырма бес жылдық еңбегін екшеп, арнайы баяндама жасаған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов алдағы нақты жоспарлар мен алар асуларды сөз етті. Содан соң, мемлекетіміздің ішкі тыныштығын қамтамасыз ететін бүгінгі Ұлттық ұланның қалыптасуының басында тұрған генералдар мен ардагер офицерлер де Тәуелсіздіктің елең-алаңында әскер құрудың қиын шақтарын бір сәт еске алды. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы Ішкі әскерлер қолбасшысы болған құрметті ардагер, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов пен генерал-лейтенант Болат Жанасаев Қазақстанның ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев сынды салаға еңбегі сіңген ардагерлер мінберге шығып, жиынға қатысушыларға сөз арнады.

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан ән-би ансам­блінің сүйемелдеуімен өткен жиында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенат Руслан Жақсылықов бірқатар азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында мерзімінен бұрын шен алғандар мен қызметтік пәтер кілтіне ие болғандар да болды. Қуаныш иелерін құттықтаған сөзінде Руслан Фатихұлы жақын күндері Алматыда шымылдығын ашатын XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада кезінде құқықтық тәртіпті қырағы қамтамасыз ету үшін Алматы гарнизоны жеке құра­мынан 1200-ден аса әскери қызметші жұмылдырылатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, елорда төрінде өтетін ха­лық­аралық ЭКСПО-2017 көрмесінің қау­іп­сіздігін қамтамасыз етуге де ұлан­дық­тардың белсенді қатысатындығын жет­кізді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он бес + 3 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • IMG_0570

    Жаңа оқу жылы басталды

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жаңа оқу кезеңі басталды. Қазақстан халқының бірлігі мен мемлекет тұтастығын ны­ғайту жолындағы Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сының Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Қарулы Күштердің Жо­ғар­ғы Бас...
  • Дархан Кәлетае

    Уақытша тіркеу мәселелері туралы түсінік берді

    Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев «Нұр Отан» партиясының Астанадағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Кездесуге Астана қаласы мен Ақмола облысынан әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған тұрғындар келді. Депутатқа келгендердің...
  • Ерлік, сурет 1

    Ерліктің ескерткіші қашанда еңселі

    Ақтөбеде өткен жылғы 5 маусымда әскери бөлімге қарулы қылмыскерлердің шабуылы кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілерге арналған мемориалдық тақта ашылды. Ұлттық ұланның құрылуына 25 жыл толуына орай «Батыс» өңірлік...
  • 112

    Ажалдан арашалап қалды

    33 жастағы Венера Вели­канова бірінші сыныпта оқитын ұлымен қас қараймай тұрып күре жолға жетіп алуды ойлайды. Алайда, На­гор­­ное елді мекенінен трас­саға де­йін­гі арақашықтық алыс бол­ма­­ға­­н­ы­мен, долы жел ыш­қына со­­ғып,...