Шахандықтарға қолұшын созды

Қарағанды облысындағы Шахан поселкесінде орын алған апат бүкіл қаз­ақ­­стандықтардың қа­быр­ға­сын­ қайыстырды.

Қара жамылған отандастарға қолұшын беруді қостанайлық мемлекеттік қызметкерлер парыз деп біліпті. Шахандықтарға көмек үшін ұйымдастырылған акцияға жергілікті атқару ор­гандарының – барлық дең­гейдегі әкімдік, облыстық бас­қармалар мен  ведомстволық ме­кемелер қызметкерлері бел­­­сенді атсалысты. Сөйтіп, «Шах­тинск қаласындағы Шахан по­селкесінде қалыптасқан тө­тен­­ше жағдайдан зардап шеккен­дерге көмек қоры» қорына 11 миллион теңге аударылды.

Зардабы ауыр мұндай оқи­ға­лардың сабағы болуы керек. Сол үшін де облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі барлық жылу көздеріне мұқият тексеру жүргізуді тапсырды.

– Күзде жылу берер алдында жылу қазандықтарының бар­лы­ғы да тексерістен өткізіл­ген, бірақ  тұрғындар қауіпсіздігі үшін  қосымша шаралар жүргізіп отыр­ғанның артықтығы жоқ, – деді А.Мұхамбетов.

Энергетика және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғы бас­қармасы мамандарының айту­ынша, жақын күндері об­лыстағы жылу желілеріне, тұр­ғын үйлердегі, әлеумет­тік ны­­сандардағы қазандықтарға жүр­гізілген тексерістер аяқталады. Бай­қалған кем-кетіктер жөн­дел­мек.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

төрт × үш =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас