«Тәуелсіздік полюсі» экспедициясы елге оралды

11-01-17-saiakat

«Тәуелсіздік полюсі» шаңғы экспедициясының қатысушылары – Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин және Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюстен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік полюсті бағындырушылар шаңғымен 217 шақырымды жүріп өтті. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Тәуелсіздік күні мерекесінде көк туымызды Антарктиданың ең биік нүктесі- Винсон шыңына (4892 м) тікті. Тіпті мерекені саяхатшылар мәңгі мұз басқан өлкеде қарсы ала отырып, қазақстандықтарды жер шарының Оңтүстік полюсінен Жаңа 2017 жылмен құттықтады.

Жоспарланғандай, олар жердің барлық меридиандары тоғысқан оңтүстік ендіктің 90 градус нүктесіне 10 күнде-ақ жетті. Күнделікті поляршылар 20 шақырымнан жедел ілгерілеп, команданың мүшелері барлығын санағанда Антарктика даласының 217 шақырымын жүріп өтті.

Қазақ туы Солтүстік полюстің аспанында желбіреді. Ал, Қазақстанның алғашқы шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсті бағындырып, Жердің ең солтүстік нүктесіне Қазақстанның Мемлекеттік Туын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауын қадады.

Айта кетейiк, шаңғы экспедициясы Барнео — Солтүстiк Полюс аралығын қамтыды. Топ 31 наурызда Алматыдан Мәскеуге, Мәскеуден — Норвегияның Осло қаласына, одан әрi Лонгийрге аттанған болатын. Ал 4 сәуiрде Лонгийрден Барнео мұзды аэродромына ұшып барып, сол жерден Солтүстiк полюске дейiнгi шаңғы экспедициясын бастады.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

20 − 18 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 20170117135723

    Қазақстан инновациялық экономикасы бар үздік 50 мемлекет қатарына енді

    Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша ең инновациялық экономикасы бар елу мемлекеттің тізімін жасады. Онда Қазақстан 45,56 көрсеткішімен 48 орында тұр. Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескерген:  инновация мен...
  • IMG_7438

    Шартаста сақталған құпия бар

    Шөкімдей жәндіктің тастан қашала жасалып, құдды тау іспетті табиғаттың бір жаратылысындай болып мелшие қалған алып бейнесін көргенде, тамсанбасқа әддіңіз қалмайды. Алғашында табиғаттың жаратылысы болар деп келте қайыра саларсыз. Сосын,...
  • 20170116134527

    Жаңа энергия көздерін тиімді пайдалану керек — Назарбаев

    БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының ықтимал өзіндік құнын атады, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Бүгін жаңа энергия көздері барынша қолжетімді бола бастады. Мұны тиімді пайдалану...
  • 555

    Қазақстанда 3D принтер жасалады

    «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ технологияны коммерциялау үшін «3DInnovations» ЖШС-ға 4,3 млн теңге көлемінде грант тағайындады. Компания 3D принтерлерін шығарумен айнылысады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 3D принтерінің...