11 қаңтарға арналған ауа райы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, жауын-шашынсыз күн райы тек елдің батысы мен шығысында күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жекелеген аумақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа артуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын жел соғады.

Қызылорда облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ болып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батыс бөлігінде 30 м/с-қа жетуі мүмкін.

Атырау облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының жекелеген жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жел болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-28 м/с-қа күшейіп, түнде кей жерлерді тұман басады.

Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында да тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

үш − бір =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас