Андре Розье: Джейкобстың жеңісіне сенімдімін

ggg-jackobs

WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Дэнниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) жаттықтырушысы Андре Розье WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) жайлы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Дэнниді туған ұлымдай жақсы көремін. Өмірінде талай қиындықты көрген. Ісік дертімен ауырып, емделіп шықты. Ал 18 наурызда рингке шығып, өзіне сенім артпағандарға бәрін дәлелдейтініне сенімдімін. Оған дейін біз тыңғылықты дайындаламыз. Головкинге жанкүйерлік ететін кездерім де бар. Ол өте қарапайым адам. Бірақ қарсыласымыз екенін ұмытпауымыз қажет», – деді Розье.

«Бірінші кезекте Джейкобстың адамгершілігіне алғысымды білдіргім келеді. GGG-мен жұдырықтасатыны белгілі болғаннан кейін нағыз чемпиондар секілді пікірін білдірді. Ал жекпе-жекке келер болсақ, 90 пайызға біреуі нокаутпен ұтады деп сенімді түрде болжам жасауға болады. Андре екеуіміз орта салмақтағы бокс үшін бұл кездесудің қаншалықты маңызды екенін білеміз деген ойдамын», – деді Абель Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Елімізде бұл жекпе-жекті «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары көрсетеді.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

12 + екі =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас