Түрік кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстанда қонақ үй бизнесіне қаржы құймақшы

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жергiлiктi және Түркия Республикасының бір топ кәсіпкерлерімен кездесу өткізді, деп жазады abctv.kz.

Атап айтқанда,  «Kassanov» компаниялар тобының қазақстандық еншілес кәсіпорындары «KA Global Construction» ЖШС, «Тур-Хан» ЖШС және «Казсисофт» ЖШС-ның жетекшілік құрамымен әңгімедүкен құрған өңір басшысы аймақты дамытудың түрлі жобалары мен жоспарларын талқылады. Инвесторларды «Kassanov» компаниясының құрылтайшысы Зиятдин Касанов бастап келді.

Қос тарапты кездесу барысында, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы сөз қозғалып, Жансейіт Қансейітұлы аймақтың жетістіктерімен қатар, мүмкіндіктерін де тізбектеп өтті, деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Оңтүстікте ауыл шаруашылығы, туризм, коммуналды шаруашылық, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, автомобиль жолдарының құрылысы сынды салаларда бірлескен жұмыс істеп, қаржы салуға ниеттіміз. Еншілес компанияларымыз күнгейде бірнеше бағытта жұмыс істеп, өңірдің өркендеуіне атсалысқысы келеді», – деді Зиятдин Касанов.

Мәселен, жиында «Тур-Хан» және «KA Global Construction» ЖШС-ларының жетекшісі Окан Ешильгез Сарыағаш, Шардара аудандары мен Түркістан қаласында қонақ үй құрылысын жүргізуге құлықты екенін айтып, Сарыағашта емдік-сауықтыру кешенін салуды көздеп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын, ауыл шаруашылығы үшін органикалық тыңайтқыштар өндіру зауытын, жылыжай кешенін салуға дайын екенін мәлімдеді. Компанияның бүгінгі күнге дейін Алматы мен Астана қалаларында бірқатар жобалар бойынша жемісті жұмыс істеп келе жатқанын айтқан кәсіпкер су көздерін ашу және оны тазалау қызметін ұсынып, сол арқылы су тапшылығын азайту жобасы мен Шымкентте қоғамдық көліктерге арналған аялдамаларды салу ұсынысын паш етті.

Ал «Казсисофт» ЖШС-ның бас директоры Батырбек Әбділдин әкімге денсаулық сақтау саласындағы тың жобаларын жеткізді. Дәрігердің науқастың жағдайын қашықтықтан бақылап отыруға мүмкіндік беретін қосымша жаңа қызметін емдеу-профилактикалық шараларына енгізуге болатынын жеткізген бизнесмен аталған жобаның Астана қаласындағы қалалық клиникаларда сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Түрік кәсіпкерлерінің осынау тың жобаларын оңды қабылдаған Жансейіт Қансейітұлы барлық ұсыныстар бойынша инфрақұрылымдық жерлердің беріліп, әкімдік тарапынан тиісті қолдаулардың ұйымтастырылатынын хабарлады.

«Жобалардың барлығы көңілге қонымды. Енді, тек іске кірісу ғана қалды. Ол үшін әкімдік жағынан жер бөлу, инфрақұрылымын реттеу, салықтан босату сынды жағдайлар қарастырылатын болады. Мысалы, жылыжай кешенін дамыту бойынша, әзірге, 100 гектар жерді жалға алуға болады. Жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатса, оның көлемін ұлғайту жағын қарастырамыз», – облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Инвесторлар ұсынысқа қызығушылық танытып, қаржы салуға ынта танытып отыр.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі + тоғыз =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • ОҚО-да бес жылда 47 мың отбасы баспаналы болмақ

    Тұрғындарды баспанамен қамту бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі екенін айтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев алдағы 5 жылда 4,8 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 47 619 отбасы баспаналы болатынын...
  • 2016 жылы ОҚО-да 600 мың тонна ұн экспортталды

    Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн тартып, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы...
  • ОҚО-да «Жастар театры» құрылды

    Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жастар театры» құрылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа театрдың алғашқы шымылдығы  Ə.Оразбековтың «Бір түп алма...
  • ОҚО-да облыстық емхана тәулік бойы қызмет етуге көшті

    Оңтүстік Қазақстан облыстық тіс емдеу емханасы халыққа тәулік бойы қызмет етуге көшті, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаевтың бұйрығымен азаматтардың түнгі уақытта да ем...