Головкин мен Джейкобс көзқарастар дуэлін өткізді

ggg-jackobs-1

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО)  мен америкалық Даниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) 18 наурызда өтетін жекпе-жетері алдында алғашқы көзқарастар дуэлін өткізді.

Бүгін Madison Square Garden аренасында арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Мұнда Геннадий Головкин нақты бір болжам айтудан бас тартты. Өзінің Жаратушы еместігін, тек Жаратқан берген күшті тиімді пайдаланып жүргенін айтты. Бұған дейін Джейкобстың мықтылығын мойындайтынын айтқан еді.

Ал бапкерлер кездесу біреуінің нокаутымен аяқталатынын жасырмады.

Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы PPV ақылы жүйесі арқылы көрсетеді. Ал Қазақстанда «KazSport» және «Қазақстан» телеарналары таратады.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес + 18 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас