Жамбылдың Тараз болып өзгергеніне — 20 жыл

Бір сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев «1997 жыл Жаңа жылдың басында бірінші рет ел аралап шығып, осындай үлкен бір қасиетті шаруаны бастап отырмын. Сол арқылы ҚАРАХАН  бабаны  жұртқа  паш  етеміз. Тәуелсіздігімізді осы бабаларымыздың әруағы желеп-жебеп жүрсін!», деп еді.

Екі мың жылдық тарихы бар талайғы Тараздың тағы бір қайта өрлеуі, өзінің сан ғасырлық мерейтойы қарсаңында басталды. Ол 1997 жыл. Қаңтар айы-жыл басы еді. Далада  мамық әппақ  қар қылаулап,  жауып тұр. Күн жылы. Қаланың  көне орталығына орналасқан қасиетті Қарахан баба кесенесінің алдына  жиналған  халықтың  көңілдері  көтеріңкі. Бұл жолғы жиналудың жөні бөлек. Яғни, Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазір осында келіп, Жамбыл қаласына Тараз деген тарихи атын қайтару туралы Жарлығына қол қоймақ. Және осы жерде  болашақта салынатын Әулиеата мешіттің  іргетасын   қалап,  болашақ  ұрпақтарға  Өзінің Аманат  хатын  жолдамақ. Бұл сәт ел өміріндегі  айтулы  күндердің  бірі  еді.Тойға дайындық осы күннен басталып та кетті.

Арада  уақыт өтпестен, кесене басына жиылған жұрт кенеттен «келді, келді» деп барлығы Елбасына қарай бет бұрды. Елбасы  әдеттегі байсалды  жүрісімен, кесене алдындағы арнайы тігілген шатыр астындағы мінберге келіп, көтерілді. Елбасы облыс орталығына тамыры тереңде жатқан 2000 жылдық тарихи атын қайтарудың еліміз үшін, ұлтымыз үшін мән-маңызы туралы  тебірене  айта келіп, Жамбыл  облысының орталығы Жамбыл қаласын Тараз деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Және осы маңдағы келешекте жаңа мешіт салынады деп ұйғарылған жерде мешіт ғимараты іргетасының алғашқы бетонын Н.Назарбаев өз қолымен салды. Күректі  қолына алып жатып, өзіне тән ақжарқын  мінезімен «барған жерде осылай жұмыс істетіп қояды маған» деп жұртты  бір күлдіріп  алды.

Әулиелі  жердегі көңіл толқытарлық тарихи оқиғалар мұнымен бітпепті. Нұрсұлтан Әбішұлы шатырға қайта оралып, жиналған  елге келешек  ұрпаққа  Аманат хатын қалдырған.

Тот баспайтын металдан жасалған арнайы параққа ойып жазылған Аманат хат су мен ауа кірмейтін арнайы металдан жасалған  циллиндрге салынып, дайындалып қойған шұңқырға орналастырылды. Үстіне «Осында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашақ ұрпаққа аманат хаты сақтаулы» деген жазуы бар белгітас  орнатылды.

mmmm

«Осында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болашақ ұрпаққа аманат хаты сақтаулы»

Сол  тарихи атаудың қайта оралғанына биыл – 20 жыл толып отыр. Осы  Жарлық  мәтіні  1997 жылы қаланың батыс бөлігіне тұрғызылған «Батыс  қақпа» аталатын  ескерткіш  қабырғасына орнатылды.

mmmmmmm

Жарлық  мәтін  жазылған  тақта

Айтулы  күнге  орай  қорық-музей  мамандарының ұйымдастыруымен «Тарихты білу  тағлымды  іс» атты  фотокөрме  жұмыстарын  ұйымдастырды. Іс-шара барысында Елбасының Аманат хаты сақталған Қарахан кешені аумағынды арнайы түсірілім жұмыстары жүргізіліп, жергілікті  телеарналардан  сюжеттер  көрсетілді. Аталған күннің маңыздылығы  жөнінде  мекеме  басшысы  Тәкен  Молдақынов арнайы сұхбат беріп, сол күннің халық жадында және тарихи қаланың  кешегі, бүгінгі  келбеті  туралы  көптеген  мағлұматтар  берді. Жиын соңында Қарахан кешенінде  экскурсия  ұйымдастырылып, алдағы  уақытта өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі қонақтарының келетін жері Тараз және тарихи қаладағы осы бір Қарахан нысаны екендігін атап өткен мекеме басшысы, Тараз  тарихы  әлі де зерттеліп, ашыла беретіндігін  атап  өтті.

Алмас  МҰХТАРОВ,

ҚР МСМ  «Ежелгі  Тараз  ескерткіштері»

ТМҚМ   бөлім  басшысы

 

 

Айдары
Қоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бір × үш =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас