Головкин: Ең үздік шоуды көрсетуге уәде беремін

ggg-jackobs-2

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін кездесуі туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Шыны керек, қобалжып жүрмін. Джейкобс – бұған дейінгі қарсыластарымның ішіндегі ең мықтысы. Сондай-ақ, оның командасында мен жұдырықтасқан үш боксшы бар. Ал Madison Square Garden менің екінші үйім секілді, жанкүйерлердің қолдауы ерекше күш береді», – деді Головкин.

«Төрт белбеуім бар, ол кімнің болса да арманы. 18 наурыз күні орта салмақта кімнің мықты екенін анықтауымыз керек, ол өте маңызды. Бұл күні тарихтағы үздік шоуды көрсетуге уәде беремін», — деп мәлімдеді Головкин.

Айта кетейік, кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылымға шыққан. Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында бір орынның ең арзан құны 100 долларды құраса, ең қымбаты – 1000 доллар.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

3 × 4 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас