Spotify компаниясы Обамаға жаңа қызмет ұсынды

Музыкалық стримингтік Spotify қызметі Барак Обамаға 20 қаңтарда президенттіктен босағаннан кейін өздеріне жұмысқа шақырды, деп хабарлайды BBC.

Spotify компаниясы сайтында President of Playlists (Плейлист президенті) қызметіне жаңа вакансия ашылды. Хабарламада бұл орынға келген адам плейлисттің құралуын қадағалап, 60-тан астам елде қызмет кеңселері жұмысын тексеріп отырмақ.

«Плейлист президентінің» басты мақсаты компания үшін жаңа идея ойлап табу және әлемдік көшбасшылыққа жетелеу. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстардың бір нұсқасы  ретінде хабарламада «ұлтқа жолдау ретінде денсаулық сақтау заңнамасын да қосуға болады» деп жазылған. Айта кетейік, президенттік кезінде Обаманың «Обамасақтау» (Obamacare) атты денсаулық сақтау бағдарламасы болған.

Бос вакансияға ие болу үшін хабарламада мынадай талаптар жазылған: «Сыйлы елді басқаруда сегіз жыл тәжірибесі мен Нобель сыйлығы болуы керек.»

Хабарламада Обаманың аты тікелей аталмағанымен, аталған талаптарға Обама толықтай сай келеді. Хабарламаны Обаманың өзі көруі үшін аталған компанияның атқарушы директоры Даниэль Эк Обамаға туит жазған.

Әзірге Обама бұл ұсынысқа жауап берген жоқ.

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

4 + бес =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас