Биржадан ақша табатын қазақстандықтар саны артуда

KASE қазақстандық қор биржасы қаржы нарығында жеке инвесторлардың саны артқандығын тіркеп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылғы қараша айының соңындағы мәліметтер бойынша, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында жеке тұлғалар атынан ашылған 104 860  есепшот тіркелген. Бұл 2016 жылдың басындағы көрсеткіштен 3348 есепшотқа көп. KASE алаңында акция саудасында жеке тұлғалардың ең көп тартылған кезі 2016 жылдың шілде айында тіркелген (2271). Осы айда акция саудасының ең көп брутто-айналымының үлесі орын алған (62%). Қараша айында биржада акция саудасына қатысқан есепшоттардың саны 1 562 болды. Қараша айында KASE-де акция саудасының жалпы брутто-айналымы былтырғы жылдың бастапқы айларымен салыстырғанда 323%-ға ұлғайды және 5,5 млрд теңгені құрады», — делінген KASE-нің ресми мәлімдемесінде.

Жалпы соңғы жылдарды алатын болсақ, жеке инвесторлардың ең ірі белсенділігі Халықтық IPO бағдарламасының бірінші және екінші кезеңдерінде тіркелген. Еске салсақ, оның аясында «ҚазТрансОйл» және «KEGOC» компанияларының IPO-лары өткен болатын. Осы қалыптасқан жеке инвесторлардың пулы кейін «Кселл», «БАСТ» және «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» компаниялары IPO-сының сәтті өтуіне ықпал етті.

«KASE Индексінің 2016 жылғы оң динамикасына байланысты, отандық қор нарығында жеке инвесторлардың саны артты. Мұндай қарқын девальвациялық болжамдардың төмендеуі, сонымен қатар мұнай және мыс бағаларының өсуі себептерімен түсіндіріледі», — делінген xабарламада.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

14 − 5 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 2016 жылы Қазақстанда 14 тауарлы биржа жұмыс істеді

    2016 жылы Қазақстанда 14 тауарлы биржа жұмыс істеп, барлығы 38,3 мың сауда жүргізілді, деп хабарлады Статистика комитеті. Оның ішінде спот-тауар бойынша 41,7 мың, ал фьючерс бойынша 773 келісім жасалған. Жалпы...
  • Апта ішінде мұнай бағасы қалай құбылады?

    Лондонның ICE қор нарығында бүгінгі Брент маркалы мұнай бағасы $53,97 дейін төмендеді. Ал американдық WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы $51,18 дейін түсті. Осылайша, жұма күніне дейін үздіксіз үш күн...
  • Қазақстанда жаңа биржа пайда болады

    2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда жоғары технологиялық жаңа биржа жұмыс істейтін болады.  Бұл туралы бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов хабарлады. «2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап,...
  • Стандартқа сай кодекс

    KAZRC геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды рес­урстар мен қорлар жөніндегі жария есептіліктің қазақстандық кодексін CRIRSCO Халықаралық стандарттар жөніндегі комитеті мақұлдаған. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында...