Қостанайда хайуанаттар паркі ашылды

11-1-17-zoopark

Хайуанаттар паркі туралы облыста бұрыннан айтылып жүретін. Бастаманы биологтар мен әуесқой табиғат қорғаушылар ара-тұра көтеріп қоятын. Енді олар нақты іске кірісіп отыр. Қазір облыс орталығында есігін енді ашқан «Теремок» хайуанаттар паркінің 20 тұрғыны бар. Қолтырауын, қоян, енот, жыланның түрлері, шиншилла, тиін, үкі, құрбақа, тасбақа болып жалғаса береді. Хайуанаттар паркінің директоры Елена Юрьева қостанайлықтар мен қала қонақтары үшін мұндай орынның керектігін айтты.

«Біз ұзақ жылдар цирк өнерімен айналысамыз. Онда жануарлармен өнер көрсететін номерлер бар. Бірақ каникул кезінде амалсыз оларды үйде ұстадық. Ойлана келе жануарлар түрін көбейтіп, жұртшылыққа ұсынуды дұрыс көрдік. Бірақ қаржылай қолдау бола ма деп күткенмен ешнәрсеге қолымыз жетпеді. Сондықтан өзіміздің отбасымызбен несие алдық та,  хайуанаттар паркін ашуға тәуекел жасадық», – деді Елена Юрьева.

«Теремок» ұжымы алдағы уақытта аю, қабылан секілді ірі жануарлар алғысы келеді екен. Алайда, оған кәсіби ғимарат, маусым сайын аңдарды көшіріп отыратын, арнайы алаң жоқ. Бірақ бұл мәселе қаланың да, облыстың да даму жоспарында айтылған емес.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он тоғыз − он жеті =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас

  • Алғашқы адамдар неге қырылды?

    Жер бетіндегі алғашқы адамдар, яғни неандер­талдықтардың басым бөлігі киінуді білмегендіктен жойылып кеткен. Канадалық антропологтар осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, алғашқы адамдардан кейінгі Homo sapiens, яғни епті адамдар алдыңғы...
  • Ресейде ерлі-зайыптылар аюды балаша асырап отыр (фото)

    АСТАНА. 31 мамыр. Британия БАҚ-тарының жазуынша, Ресейде аюды балаша асырап отырған отбасы бар екен. Бұл туралы Daily Mail  газетінің ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салмағы 140 кило келетін...
  • Шымкент зообағында аю адамның саусағын қыршып алды

    ШЫМКЕНТ. 25 мамыр. Шымкент зообағында таңертеңгілік хайуанаттардың тұрағын тазалап жүрген 52 жастағы Серікбай Жүнісовтің саусағын аңдаусызда қоңыр аю қыршып алған. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады. «Мен темір тордың айналасындғы...
  • Хайуанаттар бағының экс-директоры сотқа тартылды

    ҚАРАҒАНДЫ. 17 мамыр. Қарағанды қаласында хайуанаттар бағының бұрынғы директорының ісі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған тілшісі хабарлады. Экс-директорға қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық қылмысының...