Эрисланди Лара: Альварес Голокинмен жекпе-жек өткізбейді

lara

Кубалық боксшы Эрисланди Лара (23-2-2, 13 КО) Сауль «Канело» Альварестің (48-1-1, 33 КО) Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жек өткізбейтініне сенімді, деп хабарлайды vesti.kz.

«Бұл кездесу жайлы көп айтылып кетті, алайда бұған «Канело» келісім бермейтініне сенімдімін», – деді ол.

Эрисланди Саульден есе қайтарғысы келетінін жасырмады. Оның айтуынша, төрешілер 2014 жылы мексикалық спортшыға жеңісті әділетсіз берген.

«Саульдің ісінен сөзі көп, ол Головкинмен ешқашан жұдырықтаспайды. Ал мен «Канеломен» қуана-қуана кездесер едім. Негізі, 2014 жылы жеңіске мен лайықты едім. Алайда, бокста мұндай әділетсіздіктер жиі болып тұрады», – деді кубалық боксшы.

Кубалық боксшы бұған дейін Головкинмен де айқасқысы келетінін мәлімдеген.

Айта кетейік, 2014 жылы Альварес пен Лара арасында өткен жекпе-жекте екі төреші  жеңісті мексикалыққа берсе (117:111 және 115:113), біреуі кубалықты (115:113) лайық деп санаған.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 + 18 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас