21-22 қаңтарда ОПЕК+ комитетінің отырысы өтеді

21-22 қаңтарда Австрия астанасы Венада ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің жүзеге асырылу барысын бақылау мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында құрылған комитеттің отырысы өтеді, деп жазады investing басылымы.

Комитет құрамына бес мемлекет кіреді. Олар: ОПЕК атынан Алжир, Венесуэла мен Кувейт және ОПЕК-ке кірмейтін мұнай экспорттаушы елдер атынан Ресей мен Оман. Аталған бес мемлекет 2017 жылы ОПЕК ұйымына төрағалық етеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 10 желтоқсан күні ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы шешім қабылдаған еді.

Осы орайда, Қазақстанның тәулігіне 20 мың баррель азайтуы тиіс. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан қазірде аталған көрсеткішті азайтып, өз міндеттемесін орындап отыр.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он төрт − он үш =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас