Алматы оқушылары Универсиадаға байланысты 10 күн демалады

Алматыда өтетін 28-інші қысқы Универсиада ойындарына байланысты қаладағы 218 мың оқушы кезектен тыс демалатын болды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алматыда санаулы күндерден кейін Дүниежүзілік қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оңтүстік астана бұл жарысқа жан-жақты дайындалып жатыр. Дайындық білім беру саласын да сырт айналып өтпеді. Атап айтсақ, Универсиада ойындарына байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», — делінген хабарламада.

Халықаралық жарыстар кезінде осындай шаралар өзге елдерде де қолға алынған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалысқа шыққан оқушылар дүниежүзілік студенттер жарысын өздері барып тамашалай алады.

«Алматы қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл қосымша каникул Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді. Алматыдағы оқушылар Қазақстанның басқа оқушыларымен бірдей 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады»,-деп нақтылады дереккөз. Хабарланып отырғандай, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді.

Айта кетейік, Алматыда 201 мектеп бар, онда 218 мың оқушы білім алады.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 × екі =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • медаль

    Алматыда Универсиада медальдары таныстырылды

    Алматыда Универсиада-2017 спорт додасының медаль топтамалары таныстырылды. «Медальдар біздің Универсиада брендіне және Халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес жасалды. Сонымен қатар, Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың бренд белгісін таңбаладық. Медаль жазуы...
  • 1462534943_a

    Универсиада 80 елге трансляцияланады

    28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын 80 ел трансляциялайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. «Айта кететін мәселе, Қазақстан универсиаданы өткізетін ел болғандықтан...
  • 1462534943_a

    Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу рәсімі толық аяқталды

    Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу рәсімі толық аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. «Баршаңызға мәлім, 25 қаңтарда елордада Универсиада алауы жағылады....
  • 09

    Универсиада нысандары террорлық қауіпсіздік бойынша ерекше бақылауда болады

    ҚР Ішкі істер министрлігі Универсиада нысандарын террорлық қауіпсіздік бойынша ерекше бақылауда ұстайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомства басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. «Универсиаданың тоғыз нысанын террорлық және экстремистік қатерден...