Қазақстанда 1-сынып оқушылары қосымша демалады

2016-2017 жылдарға арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.

«Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты, 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», — деді Әйгерім Әлібекова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қалған сыныптың оқушылары әдеттегідей оқи береді.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

16 + үш =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас