Қостанайда дүңгіршек тонағандар жарты сағатта ұсталды

11-01-17-menti

Қостанай қаласының орталығындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке екі жігіт кешкі апақ-сапақта кіріп келіп, сатушыға күш көрсетіп, буындырамыз деп қорқытып, ұялы телефонын және сол күні саудадан түскен 115 мың теңгесін сыпырып алып кеткен. Сатушы қыз ұрылар шығысымен дереу «102» телефонына хабарлайды.

Дүңгіршекке жедел жеткен сержанттар Алмас Сафин мен Достан Исмағұлов тонаушылардың түр-тұлғасы мен киімін сатушы айтып берген соң-ақ, олардың кім екенін бағамдайды. Өйткені, қырағы полицейлер күндіз патрульде жүргенде жүрісі күдікті екі жас жігітті байқаған болатын. Сатушының суреттеген ұрылары сол екі жігітті бірден еске түсірді.

Полицейлер әлгі екі жігітті жарты сағаттың ішінде ұстады. 1990 жылы туған екеуі бұрын бірнеше сотталып үлгерген, облыс орталығында тұрады, еш жерде жұмыс істемейді.

Ал аға сержанттар бұдан бұрын да қауіпті қылмыстардың бетін ашқан болатын.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі + он жеті =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • dsc_0809

    Жүйелі жұмыс нәтижеге жеткізеді

    Қарапайым халық полиция­ны қорғаным, қысылтаяң шақта арқа сүйер тірегім деп таниды. Рас, кейбір келеңсіз жайттар полицияның атына кірбің де түсіріп жатады. Ал, тұтастай алғанда полиция ел тыныштығының тірегі, азаматтардың...
  • kommuniuaciya-kishi

    Сенімге селкеу түспесін

    Қазіргі таңда халықтың құқық қорғау саласына деген сеніміне селкеу түсіп тұр. Неге дейсіз бе? Өйткені, олардың кейбірі өз қызметін асыра пайдаланып, заңға томпақ келетін іс-әрекеттерге барып жүр. Бұл сөзімізді...
  • 12-08-16-selfi

    ӘР АЛУАН ӘЛЕМ

    Жасөспірімдер селфидің жазасын тартты Үндістанда төрт жасөспірім теңіз үстінде селфи жасамақшы болып тұрғандарында толқынға ұрынып, ашық айдынға қарай ағып кетті. Оқиға Махараштра штатында орын алған. Арабия теңізінің жағасында демалып...
  • krpress.ru

    Ереванда тәртіпсіздік ұйымдастырды деген 8 күдікті ұсталды

    Армения билігі Еревандағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен 8 адамды қамауға алды. Бұл туралы елдің тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлады News.am порталы. Ұсталғандардың үшеуі ереуілдерді ұйымдастырды деп айыпталса, бесеуіне бүлік...