Ұлттық арнада бірқатар бағдарламалар жабылады

«Қазақстан» телерадио корпорациясына 2017 жылға екi үлкен өзгерiс енгiзіледі, деп жазды «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Фейсбуктағы парақшасында.

Оның айтуынша, «Қазақстан» телеарнасында көрерменнiң көңiлiнен шықпаған бірқатар бағдарлама жабылады. «Бiрiншiсi, 2016 жылдың қорытындысы бойынша бiрнеше бағдарламаларды тоқтақтық. Олардың қатарында «Агробизнес», «Жан жылуы», «Табыс сыры», «Бiлгiрлер бәйгесi». Өкiнiшке орай, бұл бағдарламалар көрерменнiң көңiлiнен шықпады, концепциясында, сапасында өзгертудi талап етедi. Осылай тоқсан сайын ұлттық арнаның бағдардамаларын iрiктеп тұрамыз. Шамалысын тоқтатып, орнына тәжiрибелi әрiптестердi шақырып сол тақырыпта жаңа концепциямен жобалар жасаймыз», – деді басқарма төрағасы. Сонымен қатар, алдағы уақытта корпорация қоғаммен байланысты жақсартпақ.

«Екiншi өзгерiс — қоғаммен қарым-қатынасымызды ашық түрде жүйелеп жүргiзетiн боламыз. Жаңа жобалар жасар кезде, нарықтағы тәжiрибелi продакшн компаниялардың барлығын шақырып, ережелерiн алдын ала белгiлеп, солардың арасында сайыс жәриялап тұрамыз. Осы тұрғыда жоғарыда айтылғандай тоқтатылған бағдарламалардың орнына жаңа телевизиялық жобаларға байқау жариялаймыз. Телебағдарламалар дайындайтын компанияларды әріптестікке шақырамыз», – деді Кемелбек Ойшыбаев. «Қазақстан» ұлттық арнасында шығатын жаңа креативті бастамаға негізделген бағдарламалар таңдалады. Осы бағыттағы ұсыныстар бойынша телеарна аграрлық, шағын және орта бизнеске қатысты, сонымен қатар әлеуметтік және көңіл көтерерлік тақырыптарға байланысты презентация немесе бейнероликтерді осы жылдың 20 қаңтарына шейін қабылдайды.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі × 2 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • ШҚО-да салт-дәстүр сабақ ретінде үйретіледі

    «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары». Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде енді осындай жаңа пән оқытыла бастайтын болады. Жаңа пәнді білім ордаларына енгізу идеясын облыс прокуроры Бағбан Тәйімбетов ұсыныпты. Елбасының «Мәңгілік...
  • «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтері қайта құрылады

    Қазақстан Президенті мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыруды тапсырды. «Үкіметке «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын. Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен  оңтайландырудан өткізу қажет....
  • Алматы облысында былтыр 1056 жаңа жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында былтыр шағын және орта бизнеске 57,84 млрд теңге инвестиция құйылып, 1056 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірлік «Даму» қорының мәліметтеріне қарағанда, жалпы Алматы облысында 2016...
  • Кооперативтердің келешегі қандай?

    Ауылшаруашылық кооперативтерін құруда өңірлер арасында Қарағанды облысының тәжірибесі үлгі боларлық. Өткен жылдың соңында облыста ет, сүт өнімдерін өндіруді жолға қойған бес ауылшаруашылық кооперативі ашылды. Алайда, ауыл шаруашылығы өнімдеріне салынатын...