Сауд Арабиясы мұнай бағасын құтқарып қалды

Бүгін Астана уақытымен түнгі 03:00-де күрт төмендеп, 53 долларға дейін түскен мұнай бағасы таңғы сессияға қарай қайта қалпына келе бастады. Оған себеп болған Сауд Арабиясының мұнай өндірісін азайтқаны туралы мәлімдеме.

Астана уақытымен күндізгі 15:00-де Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 54,12 долларға көтерілді.

Трейдерлердің пікірінше, саудиялық Saudi Aramco мұнай компаниясы Азиялық тұтынушыларына ақпанда мұнай экспортын азайтатынын хабарлап, бұл өз кезегінде келер айдағы қара алтынның фьючерстік бағасының қымбаттауына жол ашты.

Алайда Эр-Риядтың бұл бастамасына картельдің өзге де мүшелерінің қосылар-қосылмасы әлі де белгісіз қалып отыр.

ОПЕК-тің өндіріс жағынан екінші ірі мүшесі Ирак Басра порты арқылы мұнай экспортын ұлғайтатыны айтылуда. Нақтырақ айтар болсақ, ақпанда осы порт арқылы экспорт көлемі тәулігіне 3,641 млн баррельді құрап, рекордтық көрсеткішке жетпек.

Қазақстан өз кезегінде өзіне тиесілі 20 мың баррельді азайтқаны ертеректе хабарланған еді.

Енді қаңтардың 21-22 күндері ОПЕК+ комитетінің бес мүшесі Венада бас қосып, желтоқсанда қабылданған келісімнің жүзеге асырылу барысын тексермек.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

екі × екі =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 77

    Сауд Арабиясы мұнай өндірісін 2 жылдық минимумға азайтты

    Сауд Арабиясы мұнай өндірісін соңғы екі жылдағы минимумға азайтты, деп мәлімдеді елдің энергетика министрі Халид әл-Фалих. Бұл туралы investing жазады. Оның айтуынша, Сауд Арабиясының қазіргі өндірісі тәулігіне 10 млн...
  • 33

    ОПЕК+ келісімі мамыр айында ұзартылуы мүмкін

    Жаһандық макроэкономикалық көрсеткіштер ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінің пайдалылығын көрсетіп жатыр, деп мәлімдеді ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо. Мұнай өндіруші елдер мамырда кезекті рет кездеседі. ОПЕК бас...
  • 6666

    Мұнай қымбаттап, теңге нығайды

    Лондон қор биржасындағы сауда барысында Brent маркалы мұнайының наурыздағы фьючерстері барреліне  2,597% – 55,07 долларға көтерілді, деп жазады investing. Мұнайдың WTI маркасының бағасы барреліне 2,588% – 52,17 долларға өсті. Нәтижесінде...
  • 2017011200524192354_2_2a83ea11

    Абу-Дабиде мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

    Абу-Дабиде мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт шықты, деп хабарлады ТАСС. Бұл туралы  Abu Dhabi National Oil Company ұлттық мұнай компаниясы хабарлады. «Абу-Дабидің батысында орналасқан Takreer Ruwais мұнай өңдеу зауытында өрт...