Сауд Арабиясы мұнай бағасын құтқарып қалды

Бүгін Астана уақытымен түнгі 03:00-де күрт төмендеп, 53 долларға дейін түскен мұнай бағасы таңғы сессияға қарай қайта қалпына келе бастады. Оған себеп болған Сауд Арабиясының мұнай өндірісін азайтқаны туралы мәлімдеме.

Астана уақытымен күндізгі 15:00-де Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 54,12 долларға көтерілді.

Трейдерлердің пікірінше, саудиялық Saudi Aramco мұнай компаниясы Азиялық тұтынушыларына ақпанда мұнай экспортын азайтатынын хабарлап, бұл өз кезегінде келер айдағы қара алтынның фьючерстік бағасының қымбаттауына жол ашты.

Алайда Эр-Риядтың бұл бастамасына картельдің өзге де мүшелерінің қосылар-қосылмасы әлі де белгісіз қалып отыр.

ОПЕК-тің өндіріс жағынан екінші ірі мүшесі Ирак Басра порты арқылы мұнай экспортын ұлғайтатыны айтылуда. Нақтырақ айтар болсақ, ақпанда осы порт арқылы экспорт көлемі тәулігіне 3,641 млн баррельді құрап, рекордтық көрсеткішке жетпек.

Қазақстан өз кезегінде өзіне тиесілі 20 мың баррельді азайтқаны ертеректе хабарланған еді.

Енді қаңтардың 21-22 күндері ОПЕК+ комитетінің бес мүшесі Венада бас қосып, желтоқсанда қабылданған келісімнің жүзеге асырылу барысын тексермек.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 × екі =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Теңгенің бағамы тағы төмендеді

    KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 17 ақпанда 1 АҚШ доллары 318,88 теңгеге теңесті. Осылайша бір жылдық рекорды кезекті рет жаңартып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл көрсеткіш 2015 жылдың...
  • Беларусь Ресей мұнайын иран мұнайымен алмастырмақшы

    Беларусьтің «Белойл» компаниясы  Иранның ұлттық мұнай компаниясымен  80 мың тонна мұнай сатып алу туралы келісімшарт жасасты. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап Reuters хабарлады, деп жазады abctv.kz. Бұл Беларусь пен...
  • Теңге кезекті рет рекорд жаңартты

    KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 16 ақпанда 1 АҚШ долларының құны 319,42 теңгеге теңесіп, теңге бағамы 2015 жылдың 14 желтоқсанынан бергі рекордтық деңгейге түсіп отыр. Жалпы, апта басында...
  • Теңге кешегі деңгейін сақтап тұр

    KASE-нің таңғы сессиясында бүгін, 16 ақпанда, бір АҚШ долларының құны 320,33 теңгеге теңесті. Кешегі таңғы сессияда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 320,24 болған еді. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де...