Полицияға жұмысқа тұру тәртібі өзгереді

Құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі түбегейлі өзгерді, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

«Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарында кәсіптік мемлекеттік аппарат құру міндетін қойған болатын. Оның негізі мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңарту болуы тиіс. Бұл ең жақсы даярланған және қабілетті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Тапсырманы іске асыру аясында жыл басынан бері құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі түбегейлі өзгерді. Қызметке алғаш рет түсетін үміткерлерді іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезеңде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде немесе оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге тестілеуден өту, сондай-ақ үміткердің жеке қасиеттерін зерттеу көзделеді.

Үміткер рәсімдерді оң нәтижемен өткен жағдайда тиісті сертификат алып, тікелей құқық қорғау органында (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тексеру қызметі) іріктеу мен конкурсқа қатысуға құқылы болады.

Соңғы кезеңде үміткерлер конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтеді.

Енгізілген жаңалықтар кадрларды іріктеу тиімділігін арттыруға арналған, үміткерлердің жеке тұлғасы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсетін азаматтарды тестілеу қағидалары, бағдарламалары және ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген. 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес × 5 =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 55

    Бейжің билігі экологиялық полиция құрмақшы

    Бейжің тәртіп сақшыларының жанынан құрылатын жаңа бөлімше атмосфераны ластайтын қоқыстарды азайтумен айналысады, деп хабарлайды BBC қала әкімінің міндетін атқарушы Цай Циге сілтеме жасап. Экологиялық полиция аталатын жаңа бөлімше ауаны ластаушы...
  • 20170106145316

    Алматыда лаңкестікке қарсы жедел желі құрылды

    Алматыда лаңкестікке қарсы күрес штабы жедел желі құрды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Аталған кері байланыс желісі арқылы тұрғындар лаңкестік әрекеттер туралы жедел хабарлай алады. «Атап айтқанда,...
  • zhemkorlyk-1

    Үлгі көрсетудің орнына ұятқа қалдырды

    Тәртіптік кеңестің талқысына түскен кез келген мемлекеттік қызметкерден маза қашады. Өйткені, тәртіпсіз кеткен қызметкерлерді «тәк-тәк» деп жөнге салып отыратын бұл кеңестен жаза арқаламай шыққандары некен-саяқ. Биылғы жылы Әдеп жөніндегі...
  • 35

    Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайды

    2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық полицейлер арнайы таяқшаны қолданбайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ендігі кезекте полицейлер көліктердің қол...