Полицияға жұмысқа тұру тәртібі өзгереді

Құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі түбегейлі өзгерді, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

«Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарында кәсіптік мемлекеттік аппарат құру міндетін қойған болатын. Оның негізі мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңарту болуы тиіс. Бұл ең жақсы даярланған және қабілетті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Тапсырманы іске асыру аясында жыл басынан бері құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі түбегейлі өзгерді. Қызметке алғаш рет түсетін үміткерлерді іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезеңде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде немесе оның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге тестілеуден өту, сондай-ақ үміткердің жеке қасиеттерін зерттеу көзделеді.

Үміткер рәсімдерді оң нәтижемен өткен жағдайда тиісті сертификат алып, тікелей құқық қорғау органында (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тексеру қызметі) іріктеу мен конкурсқа қатысуға құқылы болады.

Соңғы кезеңде үміткерлер конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтеді.

Енгізілген жаңалықтар кадрларды іріктеу тиімділігін арттыруға арналған, үміткерлердің жеке тұлғасы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет түсетін азаматтарды тестілеу қағидалары, бағдарламалары және ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген. 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он + он төрт =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Павлодарда жол апатының алдын алған полицей есін жиды

    Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полицей есін жиды, деп хабарлайды tengrinews.kz Жанқиярлық ерлікпен жол апатының алдын алған полицейлердің бірі ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған...
  • Павлодарлық полицейлер жол апатының алдын алды (фото)

    Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты жол апатынан аман алып қалды, деп хабарлайды tengrinews.kz  «Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты шығарып салып бара...
  • Қарағандыда мамандандырылған полиция нысаны салынады

    30 жылда алғаш рет Қарағандыда ішкі істер органдарының жаңа мамандандырылған нысаны салынады, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Атап өтсек, 10 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев Октябрь ауданы бойынша жұмыс сапары...
  • Сиырдың құлағын шұнтитқан кім?

    Кәдімгі Ахаң – Ахмет Байтұр­сыновтың кіндік қаны там­ған әйгілі Ақкөл көлінің жағасындағы Қарасу, Ақкөл ауылдарының тұрғындары соңғы күндері алаңдаулы. Қорасындағы сиырының құлағы кесілмеген үй кемде-кем болып тұр. Қарасу ауылындағы...