«Қайрат» ойыншысы мәскеулік ЦСКА-ға ауысуы мүмкін

ghou

«Қайрат» футбол командасының шабуылшысы Жерар Гоуға ресейлік ЦСКА клубы қызығушылық танытқан. Бұл туралы ресейлік клуб өкілдері өз пікірлерін білдірді, деп хабарлады vesti.kz.

Бұған дейін ивуар футболшысы ЦСКА-ның назарына іліккені жайлы ақпаратты алғаш рет life.ru порталы жариялаған. Мәліметтерге сәйкес, соңғы екі жылда Жерардың ойындарына баса мән беріп келген.

«Негізі, біз сыбыстар жайлы пікір айтпаймыз. Ал мұндай ақпаратты алғаш рет естіп тұрмын», – деді мәскеулік клубтың селекциялық қызметінің жетекшісі Олег Яровинский.

Сонымен қатар, Жерар Гоуға Францияның «Олимпик» ұжымы да көз тіккен болатын.

Ивуар ойыншысы мен «Қайрат» арасындағы келісімшарт мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Соңғы екі маусымда ол Қазақстан премьер-лигасында 22 голдан соғып, бомбардир атанған.

Айта кетейік, 27 жастағы футболшы Ресейдің «Краснодар», Түркияның «Кайсери Эрджиесспор», «Денизлиспор», Швейцарияның «Ксамакс» Марокканың «Хассани Агадир», сондай-ақ «Абиджан ЖК» командаларында өнер көрсеткен.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 + алты =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас