«Қайрат» ойыншысы мәскеулік ЦСКА-ға ауысуы мүмкін

ghou

«Қайрат» футбол командасының шабуылшысы Жерар Гоуға ресейлік ЦСКА клубы қызығушылық танытқан. Бұл туралы ресейлік клуб өкілдері өз пікірлерін білдірді, деп хабарлады vesti.kz.

Бұған дейін ивуар футболшысы ЦСКА-ның назарына іліккені жайлы ақпаратты алғаш рет life.ru порталы жариялаған. Мәліметтерге сәйкес, соңғы екі жылда Жерардың ойындарына баса мән беріп келген.

«Негізі, біз сыбыстар жайлы пікір айтпаймыз. Ал мұндай ақпаратты алғаш рет естіп тұрмын», – деді мәскеулік клубтың селекциялық қызметінің жетекшісі Олег Яровинский.

Сонымен қатар, Жерар Гоуға Францияның «Олимпик» ұжымы да көз тіккен болатын.

Ивуар ойыншысы мен «Қайрат» арасындағы келісімшарт мерзімі 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Соңғы екі маусымда ол Қазақстан премьер-лигасында 22 голдан соғып, бомбардир атанған.

Айта кетейік, 27 жастағы футболшы Ресейдің «Краснодар», Түркияның «Кайсери Эрджиесспор», «Денизлиспор», Швейцарияның «Ксамакс» Марокканың «Хассани Агадир», сондай-ақ «Абиджан ЖК» командаларында өнер көрсеткен.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

12 − 2 =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас

  • «Қайрат» Хорватия футболшысымен толықты

    «Қайрат» футбол клубы хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевичпен толықты, деп хабарлайды vesti.kz. 30 жастағы футболшымен арадағы келісімшарт мерзімі 2+1 үлгісі бойынша жасалды. Хорватиялық ойыншы соңғы маусымды Ресейдің «Анжи» командасында...
  • «Анжи» ойыншысы «Қайрат» командасына ауысуы мүмкін

    Ресейдің «Анжи» клубында ойнайтын хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевич Алматының «Қайрат» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Мәліметтер бойынша, жақын күндері медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды. Айта...
  • «Қайрат» екінші оқу-жаттығу жиынын бастайды

    Алматының «Қайрат» футбол клубы жақын арада екінші оқу-жаттығу жиынын бастайды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Бүгін таңертеңгісін команда ойыншылары, жаттықтырушылар алқасы, әкімшілік қызметкерлері Түркияға аттанып кетті. Оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанға...
  • Жерар Гоу: «Қайрат» маған үлкен мүмкіндік сыйлады

    «Қайрат» сапында ойнайтын ивуар шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан премьер-лигасы жайлы, алдағы уақытта ұлттық құрамалардың бірінде ойнағысы келетіні жайлы uefa.com сайтына сұхбат берді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. Соңғы екі маусымда...