Дүниежүзілік банк: 2017 жылы әлем экономикасы қарқын алады

Дүниежүзілік банк мұнай мен өзге де шикізаттық тауарлардың қымбаттауының арқасында және Бразилия мен Ресей экономикасының қалпына келуі себепті әлемдік экономиканың 2017 жылы қарқын алуын болжап отыр.

Дүниежүзілік банктің әлем экономикасына жасаған болжамынша, 2017 жылғы нақты ЖІӨ өсімі 2,7 пайызды құрамақ. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш қаржы дағдарысы кесірінен 2,3 пайыз ғана болған еді.

Дамыған елдердің өсім көрсеткіші 2017 жылы 1,8 пайыз болады деп күтілуде. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,6 пайыз болған. Ал дамушы елдер үшін былтырғы өсім 3,4 паыз болса, 2017 жылы 4,2 пайыз болады деп күтілуде.

Дегенмен, Дүниежүзілік банктің өзі бұл баяндамасында айтылған мәліметтерге толықтай кепілдік бере алмай отыр. Өйткені, Дональд Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымдары мен АҚШ экономикасын қай бағытқа бұратыны сарапшылар тарапынан әлі де болса біржақты бағаланбай отыр.

АҚШ-тың биылғы ЖІӨ өсімі 2,2 пайыз болады деп күтілуде. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,6 пайыз болған еді.

«АҚШ экономикасындағы бұл қарқынды өсім Федералды қордың қаржы-валюта саясатының ықпалынан болуы мүмкін,» — делінген баяндамада.

Ал Қытайдың жалпы ішкі өнім өсімінің көрсеткіші 2017 жылы 6,2 пайыз шамасында болжануда. Ал 2016 жылы Қытайдың экономикалық өсім деңгейі 6,7 пайыз болған. Қытай қарқыны азайғанымен, оңтүстік-шығыс Азиядағы Индонезия мен Тайланд бастаған елдердің экономикалық өсімі қарқын алмақ.

Үндістанның экономикалық өсімі 2016 жылы 7 пайыз болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 7,6 пайызға ұлғаяды деген жорамал бар.

Айта кетейік, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 1 пайызға өссе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,2 пайыз болады деп күтілуде.

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

7 − үш =

PDF нұсқаға жазылу
Газеттің PDF нұсқасына жазылсаңыз күнделікті нөмірді э-поштаңызға жіберіп отырамыз.
Атыңыз
Э-поштаңыз
Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел  
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • 2017 жылға макроэкономикалық шолу

    Saxo Bank инвестиция бойынша директоры, бас экономист Стин Якобсен 2017 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер туралы болжамын жариялайды. «2017 жылдың басты тақырыбы — доллардың бет алысы. Биыл доллардың 20 пайызға дейін...
  • 66

    Обама қоштасу сөзін сөйледі

    АҚШ президенті Барак Обама Ақ үй басшылығындағы соңғы ресми сөзін сөйледі. Чикагода халық алдына шыққан Обама алдымен америкалықтарды демократияны қорғауға шақырды. «Қай жағынан алып қарасақ та, Америка сегіз жыл...
  • aleksandr-aga-1

    Заң үстемдігіне басымдық – заман талабы

    Еліміздің елдігін, халқымыздың бір­лігін, ұлттар мен ұлыстардың та­­ту­лығын, бейбіт өмірдің баян­ды­­лығын айқындайтын, іс жүзінде ола­р­­­­дың жүзеге асуына жол аша­тын сын­­дарлы заңдарымыздың із­гі­лікті сая­­­саты екендігі даусыз. Осы мін­дет­­терді іске асыру...
  • 4

    Экономиканың жетекші саласы анықталды

    2016 жылы ұлттық экономиканың негізгі өсу драйвері шағын бизнес болды. Бұл сектордағы кіріс 45% ұлғайған, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 5% көбейді, деп хабарлайды, ranking.kz. Биылғы жыл өсу қарқыны...