Дүниежүзілік банк: 2017 жылы әлем экономикасы қарқын алады

Дүниежүзілік банк мұнай мен өзге де шикізаттық тауарлардың қымбаттауының арқасында және Бразилия мен Ресей экономикасының қалпына келуі себепті әлемдік экономиканың 2017 жылы қарқын алуын болжап отыр.

Дүниежүзілік банктің әлем экономикасына жасаған болжамынша, 2017 жылғы нақты ЖІӨ өсімі 2,7 пайызды құрамақ. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш қаржы дағдарысы кесірінен 2,3 пайыз ғана болған еді.

Дамыған елдердің өсім көрсеткіші 2017 жылы 1,8 пайыз болады деп күтілуде. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,6 пайыз болған. Ал дамушы елдер үшін былтырғы өсім 3,4 паыз болса, 2017 жылы 4,2 пайыз болады деп күтілуде.

Дегенмен, Дүниежүзілік банктің өзі бұл баяндамасында айтылған мәліметтерге толықтай кепілдік бере алмай отыр. Өйткені, Дональд Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымдары мен АҚШ экономикасын қай бағытқа бұратыны сарапшылар тарапынан әлі де болса біржақты бағаланбай отыр.

АҚШ-тың биылғы ЖІӨ өсімі 2,2 пайыз болады деп күтілуде. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,6 пайыз болған еді.

«АҚШ экономикасындағы бұл қарқынды өсім Федералды қордың қаржы-валюта саясатының ықпалынан болуы мүмкін,» — делінген баяндамада.

Ал Қытайдың жалпы ішкі өнім өсімінің көрсеткіші 2017 жылы 6,2 пайыз шамасында болжануда. Ал 2016 жылы Қытайдың экономикалық өсім деңгейі 6,7 пайыз болған. Қытай қарқыны азайғанымен, оңтүстік-шығыс Азиядағы Индонезия мен Тайланд бастаған елдердің экономикалық өсімі қарқын алмақ.

Үндістанның экономикалық өсімі 2016 жылы 7 пайыз болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 7,6 пайызға ұлғаяды деген жорамал бар.

Айта кетейік, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 1 пайызға өссе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,2 пайыз болады деп күтілуде.

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 × 1 =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас

  • Мемлекеттік комиссия отырысы өтті

    Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға өткізу және республикалық...
  • 2017-2019 бюджетінде доллар 330 теңге, мұнай 50 доллармен есептелді

    Мәжілісте 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралады, деп жазады strategy2050.kz. Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен Палатаның алдағы жалпы...
  • Британия экономикасы болжамдағыдан қарқынды өсуде

    2016 жылдың төртінші маусымындағы тұтынушылық сұраныстың жоғарылығы Британия экономикасының өсіміне қарқын қосты, деп жазады BBC. Елдің ұлттық статистикалық басқармасының мәліметінше, қазан-желтоқсан аралығында экономикалық өсім 0,6 пайыз өсті (өсім 0,5...
  • Қытай экономикасының даму қарқыны бәсеңдеді

    Қытай экономикасының даму қарқыны 2015 жылы 9,6 пайызға, 2016 жылы 6,7 пайызға бәсеңдеді. Бұл соңғы 26 жылдағы ең төменгі көрсеткіштер. Бұл туралы ҚХР-ның Мемлекеттік статистикалық бюросының мәліметтеріне сүйене отырып,...