Астанада қоғамдық көлікке түбегейлі реформа жүргізілді

Осының арқасында жолақы төлеу жеңілдеп, автобустар қозғалысының жылдамдығы артты.

«2016 жылы жалпы ұзындығы 33,6 км болатын қала көшелерінің 11 учаскесінде  автобустардың қозғалысына арналған жолақтар бөлінді, нәтижесінде қозғалыстың орташа жылдамдығы 18%-ға артты. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін электрондық жолақы төлеу жүйесі енгізілді, автобустардың келуі туралы ақпарат беретін 108 электрондық табло орнатылды, «Astra Bus» ұялы қосымшасы іске қосылды, — деп хабарлады бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев.

Сонымен бірге, жалпы ұзындығы 14,7 км қаланың 6 көшесінде біржақты қозғалыс енгізілді, нәтижесінде көлік ағынының қозғалыс жылдамдығы 12-ден 24 к /сағ. дейін артты, деп мәім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) қолдану аясын кеңейту үшін бюджеттік тиімділікке және тиімділік деңгейіне қарап, экономиканың бірқатар сфераларын қамтитын жобалардың тізімі жасалды.

«Осыған байланысты барлық құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жоғарыда аталған тізімді қарап, МЖӘ-нің қажет құжаттарын әзірлеу үшін басымдықты жобаларды іріктеуді тапсырамын», – деп атап көрсетті Әсет Исекешев.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он бір + 4 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Астанада робототехникадан чемпионат өтуде

    Тәуелсіздік сарайында елордалық оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа қатысушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынасады: «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және...
  • Астанада IT технологиялық хаб құрылады

    Жас мамандар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасауға үлес қоспақ ниетте, деп жазады palata.kz.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында IT саласын, қаржылық технологияларды, сандық сервис пен Е-коммерцияны дамыту бойынша мәселе көтерген баспасөз...
  • Сирия оппозициясы Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

    Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы барысында Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сирия қарулы оппозициясы делегациясының...
  • Астанадағы Түркістан көшесі жабылады

    «Астана қаласындағы №1 жоспарлы ауданының (№19 көшенің оңтүстігіне қарай) жолдары мен инженерлік желілері. Түркістан (№34) көшесін салу» жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінен бастап Алматы көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан...