Qazkom жапониялық төлем карталарға қызмет көрсете бастады

Дүниежүзілік қыс Универсиаданың қарсаңында Қазкоммерцбанк (QAZKOM) пен Жапониядағы төлем карталардың ең ірі эмитенті мен эквайері саналатын JCB Co., Ltd. (JCB) компаниясы Қазақстанда JCB карталарды қабылдау жобасын іске қосты, деп жазады abctv.kz.

Visa және Master Card, сондай-ақ China Union Pay (ҚХР), American Express пен Diners Club (АҚШ) төлем карталарына қызмет көрсететін Қазкоммерцбанк енді өзінің эквайрингтік желісі арқылы жапондық JCB жүйесінің төлем карталарын қабылдайтын болады. Бұл әлемнің түрлі елінен Универсиадаға келетін жанкүйерлердің, солардың ішінде жапон елінен келетін қонақтарға жайлылық береді. Универсиадаға шамасы 30 мың шетелдік турист келеді деп болжанған.

«Біз түрлі халықаралық төлем жүйелерімен ынтымақтастық құруға дайынбыз және мемлекеттің Қазақстанның туристік потенциалын дамыту ұмтылысын қолдаймыз. Біз Универсиаданың, сондай-ақ EXPO-2017-ге келген қонақтарына өзін еркін, әрі жайлы сезінуге мүмкіндік беру үшін Qazkom-ның эквайринг жүйесінің мүмкіндігін кеңейтуді жалғастырамыз», – деді Qazkom-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров.

Ал, «JCB International Eurasia» ЖШС-нің бас директоры Такаши Суетсугу (Takashi Suetsugu) аталған уағдаластық Орталық Азияда JCB карталарын қолдану аясының кеңейе түсетініне сенімділік білдірді.

«Бұл аймақтың JCB компаниясы үшін стратегиялық маңызы зор. Әлем бойынша JCB карталарын ұстайтын пайдаланушылардың, әсіресе Ресейден, Қытайдан және Жапониядан Қазақстанға келетін клиенттердің сұранысын орындайды. Біздің қарым-қатынасымыз Қазақстанда карталық төлемдер көлемінің өсуіне және туризмнің дамуына оң ықпал етіп, әлем бойынша JCB карта ұстаушылары үшін өте қолайлы болмақ», – деді.

Қазкоммерцбанктің жапондық JCB жүйесімен қарым-қатынасы Discover Financial Services компаниясы арқылы орнады. Аталған компания 2006 жылдан бері АҚШ-та Discover желісінде JCB карталардың, ал Жапонияда JCB желісінде Discover карталарының қабылдануын қамтамасыз етеді.

Discover Financial Services компаниясының филиалы — өзара есеп айырысумен айналысатын Discover Global Network өз желісінде Қазкоммерцбанкке тиесілі барлық сауда және сервистік кәсіпорындарында JCB карталарын пайдалану үшін барлық жағдай жасайды.

Банк үшін төлем жүйесінің жаңа бренді ретінде JCB-ның желісіне қосылуы нарықта жаңа мүмкіндіктерді, ал JCB компаниясы үшін оның карталарын ұстайтын 95,6 млн клиентке Қазақстанда төлем жүргізгенде картаны пайдалануға мүмкіндік береді. Әлемнің 21 елінде шығарылған барлық JCB-карталары енді Discover Global Network арқылы Қазақстан аймағындағы «Қазкоммерцбанктің» АҚ желісінде қабылданатын болады.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

үш × 5 =

Мұрағат
қаңтар 2017
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
« Жел   Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
QR-код

Осыған ұқсас