Астанада мектеп тасымалының бағдарлық желісі енгізіледі

Астанада мектеп тасымалының жаңа жүйесі енгізіледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметін.

Бүгінгі күні Астанада 117 мың оқушының 26%-ға жуығы мектепке жеке көлікпен жетеді. Бұл күнделікті түрде қарбалас уақытта көше-жол желісіне жүктеменің 13%-ға артуына алып келеді. Балалардың 12% қоғамдық көлікпен жүреді. Бұл қауіпсіз тасымалға кері әсер етеді.

«Кешенді бағдарлама шеңберінде Астанада мектеп тасымалының түбегейлі жаңа жүйесін құру жоспарланған. Ол балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, ата-аналардың таңертең балаларды мектепке жеткізу үшін және кері алып кету үшін жеке көлікпен мәжбүрлі жүруін азайтады», — деп хабарлады бүгін елорда әкімдігіндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев. Оның айтуынша, Астанада мектеп тасымалының бағдарлық желісі құрылады. Бастапқы кезеңде биыл жобаны іске асыруды бастау үшін 45 жаңа мектеп автобусын жеткізу жоспарланған.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жеті + 12 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас