Астанадағы жаңа вокзал мамыр айында пайдалануға беріледі

Елорданың жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Астана қаласының жаңа теміржол вокзалының құрылысы және Астана станциясының теміржол торабын дамыту мәселелері бойынша өткен көшпелі кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Аталған жобаларды іске асыру барысы жайлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ. Алпысбаев баяндады. Ол қазіргі таңда Астананың вокзал кешенінің және теміржол торабының әзірлігі 80% құрайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, вокзалдың карниздерін қаптау жұмыстары, вокзалдың жылытылмайтын бөлігінің қасбеттерін әрлеу, ауа алмастыру жүйесін монтаждау, сыртқы электрмен қамту жұмыстары 90% аяқталған.

2017 жылдың 1 мамырына қарай вокзал ғимаратындағы лифттер мен эскалаторларды монтаждау, іске қосу және жөндеу, төңіректі абаттандыру және көгалдандыру, сонымен қатар әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Елорданың жаңа теміржол вокзалы аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен жол құрылысы жұмыстарының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов есеп берді. Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару, жаңа теміржол вокзалын пайдалануға беру қызметінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Аталған нысан құрылысында шамамен 1 150 адам жұмыс істейді. Астананың жаңа теміржол вокзалы тәулігіне 35 мың жолаушы өткізеді деп жоспарлануда.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 × үш =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Астанада робототехникадан чемпионат өтуде

    Тәуелсіздік сарайында елордалық оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа қатысушылар 3 санат бойынша өзара бақ сынасады: «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және...
  • Астанада IT технологиялық хаб құрылады

    Жас мамандар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасауға үлес қоспақ ниетте, деп жазады palata.kz.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында IT саласын, қаржылық технологияларды, сандық сервис пен Е-коммерцияны дамыту бойынша мәселе көтерген баспасөз...
  • Сирия оппозициясы Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты

    Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы барысында Сирия қарулы оппозициясы делегациясының жетекшісі Мохаммед Аллуш Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сирия қарулы оппозициясы делегациясының...
  • Астанадағы Түркістан көшесі жабылады

    «Астана қаласындағы №1 жоспарлы ауданының (№19 көшенің оңтүстігіне қарай) жолдары мен инженерлік желілері. Түркістан (№34) көшесін салу» жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінен бастап Алматы көшесіне дейінгі учаскедегі Түркістан...