Түркіменстан мұнай өндіру үшін инвестор іздейді

Түрікменстан Каспий теңізіндегі «Деміргазык Готурдепе» мұнай кенішін игеру үшін инвестор іздестіреді, деп хабарлайды centralasian.org.

Түрікменстан вице-премьері Ягшигелді Какаевтың айтуынша, кен орнында бай мұнай қоры бары анықталған соң, «Түрікменмұнай» мемлекеттік концерні кенішті игеру жоспарын дайындаған. «Мұнай кенін шетел инвестициясының көмегімен игеруді алдын ала зерттеу аяқталды», — деді ол.

Үкімет мәліметі бойынша, кенішті игерудің алғашқы кезеңінде шамамен 600 миллион доллар қажет болады. Шетел инвесторларын тарту мақсатында шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрылады.

Жеті жылдың ішінде мұнай кенінен 6 миллион 856 мың тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланған. Жобаға сәйкес, жұмыстың 90 пайызын жергілікті мамандар атқарады деп жоспарлануда. 

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

алты + 11 =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас