ОҚО-да 3D форматындағы тақталар дайындалмақ

ОҚО

Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі саналатын зауыт іске қосылды. «Мега Смарт» жобасының ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы облыста құрылған барлық индустриялды аймақтарда экономикасын әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлардың жасалғандығын жеткізді.

«Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Мега Смарт» ЖШС-ның МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығаратын зауыты. Осы жоба бойынша облысқа 545 млн.теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды» – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығарады. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады.

«Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.

Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.

Айдары
Жаңалықтар
3 пікір жазылған
  • Курбан
    12 қаңтар 2017 at 00:18
    Пікір жазу

    Ауданымызда балалар ауруханасы салынса екен, қазіргі ауруханаға сыймай жатырмыз, үлгірмей жатыр, халық көп шамадан тыс. Мұндай ауруханада қандай тəртіп пен ем болады. Қаражат тиімді жұмсалса екен.

  • Курбан
    12 қаңтар 2017 at 00:19
    Пікір жазу

    Сарыағаш қаласы.

  • Курбан
    12 қаңтар 2017 at 00:20
    Пікір жазу

    Сонда аудандық аурухана кеңейіп қалар еді.

  • Пікір жазу

    *

    *

    он бір − 7 =

    Мұрағат
    қаңтар 2017
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Жел Ақп »
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 
    QR-код

    Осыған ұқсас

    • Банкротқа ұшыраған бес кәсіпорын қайта іске қосылды

      Қарағанды облысындағы бес кәсіпорын банкроттық жағдайдан шығарылып, қайта жұмыс жасай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атқарушы билік жаңа зауыттардың ашылуына өз септігін тигізіп қана қоймай, экономикалық дағдарыс кезінде жоғары өндіріс...
    • ОҚО-да бес жылда 47 мың отбасы баспаналы болмақ

      Тұрғындарды баспанамен қамту бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі екенін айтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев алдағы 5 жылда 4,8 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 47 619 отбасы баспаналы болатынын...
    • 2016 жылы ОҚО-да 600 мың тонна ұн экспортталды

      Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн тартып, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы...
    • ОҚО-да «Жастар театры» құрылды

      Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жастар театры» құрылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа театрдың алғашқы шымылдығы  Ə.Оразбековтың «Бір түп алма...