Абайдың құтысы

BAL_3610Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұрған бұл құтының тарихы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Абайдың жер аударылып келген революционер достары Н.И.Долгополов пен Н.М.Лобановский 1883 жылы Семей қаласында тұңғыш «Өлкетану музейін» ұйымдастырады. Абай да ұйымдастыру ісіне құлшына, білегін сыбанып,  бір кісідей ат салысады.

«Семей өңірі тарихында музейге тұңғыш жәдігерлер өткізген және музей ашуды ұйымдастырушылардың бірі – Абай Құнанбайұлы. Музейдің болашақ ұрпақ үшін тарихтан хабардар болуына, ескіден естелік естуіне, мәдениеттен мәлімдеме алуына, көнеден көпті білуіне тигізер пайдасының зор екенін терең түсіне біледі. Абай мол түсінігінің арқасында екі жыл өткен соң, яғни, 1885 жылы қазақтың этнографиясын таныту мақсатында, өлкетану музейіне өз қолымен апарып, қазақтың киіз үйін барлық жабдығымен, жиыны 60-тан астам жәдігерлік құнды дүниеліктерді тапсырады», дейді Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Қайыржан Күзембаев.

Сол жәдігерлердің қатарында 1885 жылы музейге тапсырылған құты қайың ағашынан ойылған. Құтының ауыз ернеуіне әшекейлі күмістен сақина шеңбер салынған. Мойынының алдыңғы кеңірдек тұсына ернеуден төмен, тігінен күмістен балдақ ою орнатқан. Екі жанына мойыннан иығына дейін беті оюлы күміс таспа бекіткен. Сыртқы бетінде күмістен шертіп салынған ою шеңбері бар. Шеңбер ортасына күмістен қошқармүйіз ою орнатылған. Екі қаптал бүйірінде күмістен құмырсқабел болып келген оюы және бар. Барлық ою мық, жез шегелермен шегеленіп, мықтап орнатылып, бекітілген. Тығыны қайың ағаштан жонылып, қолмен ұстар басы күміспен қапталған.

Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ

 

 

 

Айдары
ЕлЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он бес + он екі =

Мұрағат
қаңтар 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Жел Ақп »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Балаңыз кітап оқи ма?

    Жыл өткен сайын балалардың психологиясы да өзгеруде. Бү­гін­­гі оқушылардың жандары өте нәзік. Өздерінің ойлау қабі­лет­теріне әлеуметтік желі, интер­нет, ұялы телефон арқылы тежеу жасап жүргендерін сез­бейді. Оқушылардың басым бөлігі кі­тапхана...
  • Динаның домбырасы

    Домбыраны 1939 жылы шебер Арыстан Ермеков жасаған. Атақты күйші өзі тұтынған бұл құнды жәдігерді кейіннен музыкатанушы Болат Сарыбаевқа сыйға тартады. Қазір Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы залында тұр. 9 жасында...
  • Абай орталығы қамқорлықсыз қалды

    Көзінің тірісінде «мыңмен жалғыз алысқан» Абайдың рухы бүгінде миллиондармен шарпысып әлек. Тарқатып айтсақ, алты жыл бұрын Алмахан Мұхаметқалиқызы Арқаның төсіндегі Астана қаласынан Абайтану орталығын ашқан. Сүйіншілі хабарды жарыса жазғанымыз...
  • Мекемтас Мырзахметұлы: Ұлтты тану рухани кемелдікке сүйенеді

    Филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлымен өзі қалам тартқан көрнекті тұлғалар жа­йында пікір алмасып, әңгіме қаузаған едік. Олардың ұлт мүддесіне сіңірген еңбектері, шығармашылықтары және зерттеп-зерделеу жұмыстары туралы...