Еліміздің кей жерлеріне қар жауып, тұман түседі

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты көп жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейіп, бұрқасын болады. Тек еліміздің солтүстік шығысында ғана қар жаумайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Желдің күші секундына 15-23 метрге жетеді.

Қостанай, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел тұрып, Қостанай облысында тұман болады.

Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес × 3 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас