Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде қар, жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облынының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

3 × 3 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас