Үндістан орбитаға бір уақытта 104 жер серігін ұшырды

Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) 15 ақпан күні PSLV-C37 зымыранымен орбитаға бірден 104 жер серігін ұшырып, әлемдік рекорд жасады, деп хабарлайды Times of India.

Зымыран Астана уақытымен кеше сағат таңғы 10 шамасында ұшырылды. 17 минуттан кейін зымырандағы жер серіктері орбитаға шығарыла бастады. Оған 17 минут уақыт кетті. Жер серіктерінің міндеті — ғаламшарымызды суретке түсіру.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди бұл жағдайды Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымының (ISRO) ерлігі деп бағалады. «Бұл мақтануға тұрарлық дүние. Үндістан өзінің ғалымдарын қолдайды», деп жазды ол өзінің Туиттердегі парақшасында.

Бір айта кетерлігі, жіберілген 104 жер серігінің 103-і нано жер серігі және олардың салмағы 1-10 килограмды қамтиды. Ал оның ішіндегі 88 жер серігі америкалық компанияға тиесілі.

 

Айдары
ӘлемЖаңалықтар
1 пікір жазылған
  • Ақыйқат
    16 ақпан 2017 at 19:40
    Пікір жазу

    Үндістан ұшырған осы 104 дана жерсеріктің біреуі Қазақелінің жерсерігі Al-Farabi 1.
    Бұл жайында Егемен хабарсыз болғаны ма???…

  • Пікір жазу

    *

    *

    он бес + сегіз =

    Мұрағат
    ақпан 2017
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Қаң  
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    2728 
    QR-код

    Осыған ұқсас