Мамырға дейін Астана қоғамдық көліктері 100% электронды төлемге көшеді

Астанада қоғамдық көліктерін электронды төлем жүйесіне көшіру жұмыстары жалғасын табуда, деп мәлімдеді бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев елорда халқымен кездесуінде.

«Биыл мамыр айына дейін қоғамдық көліктердегі төлем жүйесі толығымен электронды болады. Қазіргі таңда бұл жүйемен 80 жеңілдікті азаматтар қамтылған. Олардың саны 61 411 жеңілдік иелері болса, тағы 90 967 мектеп оқушыларының карталары бар», — деді әкім.

Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің 70 пайызы, яғни 622 көлік электронды төлем қабылдайды.

Сонымен қатар, елордада көлік кешенін басқарудың жаңа моделі қалыптастырылып, бұл өз кезегінде халықтың жеке көліктерінен бас тартуына түрткі болатыны айтылды.

Одан бөлек, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолы, тұрақтар инфрақұрылымды едәуір дамытпақ. Сонымен қатар әкім көлік кептелісін шешу жұмыстарының да жоспарда екенін айтты.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

тоғыз − сегіз =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас