Ғылым комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Рақымжан Нұрсейітов және Еркін Садықов Ғылым комитеті төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Рақымжан Сайлауұлы 1972 жылы 24 наурызда Қызылорда қаласында туған.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң кеңесшісі.

2000 жылдан бастап Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған, Қызылорда қ., Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы, Талдықорған қ., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ.. 2017 жылдың 7 ақпанында ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Еркін Тоқмұхамедұлы 1964 жылы 4 қаңтарда Алматыда туған.

1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ МУ «Саяси экономия» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

1986-1994 жж ассистент, аға оқытушы, доцент, Әл Фараби атындағы Қазақ МУ деканның орынбасары болған.

1994-1997 жж. ҚР СЭБМ бас басқармасы басшысының орынбасары, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігінің өнеркәсіп және сауда саясаты бас департаментінің  бас директорының орынбасары қызметін атқарған.

1997-2017 жж. Алматы қ. Әкімдігінің сыртқыэкономикалық және мәдени байланыстар комитеті төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары, «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ басқарма төрағасы болған.

2017 жылдың 6 ақпанында ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

7 − 5 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас