2016 жылдың спорт үздіктері марапатталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісі барысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марапаттады.

Атап айтқанда, «Үздік спорттық өңір» номинациясы Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына берілді.

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңімпаз атанды.

«Жылдың үздік спорт федерациясы»  аталымында Қазақстанның бокс федерациясы жеңімпаз болды.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» атағын Сүлайманов Әлімжан Рахымжанұлы жеңіп алды.

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясы бойынша Максимова Наталья Геннадьевна марапатталды.

«Спорттың ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскері» аталымында Мұхамбеталин Қази Кажығалиұлы үздік атанды.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он жеті − 4 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас