Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары болып жаңадан тағайындалған Байжанов Айдарбек Естебекұлын таныстырды.

Айдарбек Естебекұлы 1964 жылы дүниеге келген.

1991 жылы Алматы халықшаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша, ал 2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының спорт мектебінде жаттықтырушы мұғалім болып бастаған. Әр жылдары «Ақжайық», «Жамбыл былғары аяқкиім» бірлестіктерінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппаратында іс басқарушының орынбасары, бас инспектор, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қазыналық кәсіпорын директоры, Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» директорының орынбасары, директоры, «Астана өнім» акционерлік қоғамының директоры, Астана қаласында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының басқарушы директоры болып қызмет атқарған.

2016 жылдың ақпанынан — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Жамбыл облысына облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

18 + он төрт =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас