Қазақстанда жаңа көмір кен орны ашылды

Қарағандыда бүгінде жабық тұрған Долинск шахтасының кен орнында көмір өндірілетін болады, деп хабарлайды abctv.kz.

Аталмыш кен орнынан бір жылда 1 миллион 150 мың тонна көмір өндіру жоспарлануда. 1996 жылы Долинск шахтасы «АрселорМиттал» компаниясының жаңа басшысы Лакшми Митталға сатылған сегіз шахтаның қатарына кірмей қалған еді. Бұл кен орны Қарағанды көмір бассейніндегі үлкен қыртысты көмірді өңдемейтін жалғыз шахта, сондықтан сұранысқа ие болмады.  Көмір тек жұқа қыртыстан өндірілді. Салдарынан бұл шахтаның көптеген иелері өндірісті сақтап қала алмады. Қазіргі таңда кен орны жұмыс жасап тұрған жоқ.

«Долинск шахтасындағы кен орнынан көмір өндіру бойынша инвестициялық жобаны бірігіп жүзеге асыруға конкурс жарияланды», — деп хабарлады жоба бастамашысы болып отырған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ.

Геологиялық барлау жұмыстары көрсеткендей, бұл жерде 19 миллион 61 мың тонналық қор бар. Жыл сайын 1 миллион 150 мың тонна көмір өндіру жоспарлануда. Жоба авторы көмірдің барлық қорын өндіруді 2035 жылға қарай аяқтауды көздеп отыр. Көмірді ел ішінде сату жоспарлануда. 900 кенші тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он сегіз − 17 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Көмір өндіру көлемі неліктен қысқарды?

    Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда көмір өндіру көлемінің қысқару себептерін түсіндірді. «Біріншісі, РФ үкіметінің 2014 жылғы 21 маусымдағы бұйрығына қатысты яғни, 2030 жылға дейін Ресей...
  • Қытай 23 көмір кенішін жапты

    ҚХР көмір шахталарын жаппай жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Тек Шаньси провинциясында ғана алғашқы 10 айдың ішінде қуаттылығы 23,3 миллион тоннаны құрайтын 25 көмір кеніші...
  • Қытайда шахтада болған жарылыстан 21 адам қаза тапты

    Қытайдың Хэйлунцзян провинциясы Цитайхэ қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Құтқарушылар 21 шахтердің денесін қирандылар астынан алып шықты, қазіргі уақытта бір адам...
  • Павлодарда жылуы көп көмір шығарыла бастады

    Павлодарда ұзақ уақыт жанатын әрі тозаңы аз брикеттелген көмір өндірісі іске қосылды, деп хабарлады BNews.kz. Зауыт Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол қарапайым көмірге қарағанда жылуды 4-5...