Проблемалық несиелер қоры Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді

Қазақстанда сот мүлікті бөлу мүмкін болмаған жағдайда, оны жария саудаға шығаратын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банк заңнамасын жетілдіру және кәсіпкерлікті жүргізуді жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айқындалған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы банк секторын сауықтыру жөніндегі шараларды көздейді. Атап айтқанда, «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік Қоғамының Ұлттық Банктен Үкіметке өтуі көзделген»,-деді министр.

Айта кетейік, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. «ПКҚ» АҚ қызметінің негізгі мақсаты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруға негізделген.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

17 + екі =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Ұлттық банкке арнайы валюталық режимді енгізу міндеті берілуі мүмкін

    ҚР Әділет министрлігі Қазақстанда арнайы валюталық режимді енгізу міндетін Ұлттық банкке беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі кезде аталған режим Үкімет актісімен енгізіледі. Бұл мәселе Президент деңгейіне дейін...
  • Сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

    Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында мәлімделген тапсырмаларын орындау мақсатында сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл...
  • Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді

    Кеше Жамбыл облысының Көксай шатқалында өтіп жасқан әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық сабағы кезінде қар көшкіні болып, 7 жауынгер қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Премьер-Министрдің тапсырмасымен құрылған Үкімет...
  • Мемлекеттік комиссия отырысы өтті

    Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға өткізу және республикалық...