Қазақстанда тіс дәрігерлерінің қызметі арзандайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке енгізілмей қалған кей қызмет түрлерінің бағасын реттеуге бағытталған заң жобасын дайындайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың пікірінше, аталған қызметтердің ішіне тіс дәрігерінің қызметі де енгізілмек. Министр бұндай қадамның медициналық қызметтерді арзандату мақсатында қолға алынып отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысы бізге кепілдендірілген тегін медициналық көмекке кірмейтін қызметтердің бағасын реттеу туралы нормативті база дайындауды тапсырды. Ондағы мақсат медициналық бұйымдар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Біз енді осы мәселені бизнес өкілдерімен талқылауымыз керек», — деді министр.

Оның айтуынша, дәрігерлердің жеке кәсіпкерлікпен айналысуына да рұқсат берілмек.

«Өткен жылы біз мұндай тәжірибені бастап қойдық. Бастаманың аясында дәрігерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, емхана қызметін атқара береді. Мүмкін, уақыт өте келе оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркейтін боламыз. Оларға шамамен 2000 адамнан бекітіліп беріледі. Кісі басына 1024 теңгеден төленеді. Бұл өз кезегінде емханалардағы кезектің санын азайтуға да түрткі болар еді», — деді министр.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

4 × үш =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Ең арзан жағажай

    Travelbird.nl туристік порталының сарапшылары әлемдегі ең арзан жаға­жайды анықтады. Вьетнамның Хойан қаласының іргесіндегі Куа Дай жаға­жайында суға шомылып, күнге қызды­рыну басқа жағажайлармен салыс­тырғанда әжептәуір арзанға түседі екен. Куа Дай...
  • «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде бензин бағасы арзандады

    АСТАНА. 15 наурыз. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Наурыз мейрамы қарсаңында АИ-92 маркасының бір литр бензині 118 теңгеге сатылып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» бекеттерінде «ҚазМұнайГаз Клуб»...
  • Қызылордада көп балалы отбасылар азық-түлікті арзан бағамен алады

    ҚЫЗЫЛОРДА. 22 желтоқсан. Қызылордалық көп балалы отбасылар азық-түлік тауарларын жарты бағасына алады. Бүгін облыстық жедел штаб отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады....